Accessibility links

Жергілікті мәслихаттар сайлау комиссияларын құру жұмысына кірісті


Мамырдың 27 сінен бастап жергілікті мәслихаттар жаңа сайлау заңы бойынша териториялдық сайлау комиссияларын жасақтау үшін саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан аттары ұсынылған кандидаттарды іріктеу, сұрыптау жұмыстарын бастайды.

Алғашында Орталық Сайлау комисиясы тарапынан саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарға өз адамдарының аты жөндерін беру үшінгі белгіленген соңғы мерзім мамырдың 20 сы болатұғын. Бірақта саяси партиялар бұл мерзімді тағы 5 күнге ұзартуды сұраған соң орталық сайлау комисиясы мамырдың 26 сы күні кешкісін сағат 18.00 ді ең соңғы уақыт ретінде белгіледі. Орталық сайлау комисиясының берген ақпарты бойынша бүгінгі жағдаймен барлық саяси партиялар жергілікті мәслихаттарға өз адамдарының тізімін ұсынған.

Қазақстан бойынша жаңадан құрылатын барлығы 13133 сайлау комисиясына қажет 91896 орынға саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан 104269 кандидат ұсынылып отыр. Бұлардың 88249-ы саяси партиялардан ұсынылғандар , жалпысы осы жолы сайлау комисияларын құру ісіне саяси партиялар белсенділік көрсетіп отыр, яғни барлық орынның 90 процентейін солар иемденуде дейді Орталық Сайлау комисиясы төрайымының орынбасары Қуандық Тұрдақұлов.

Сайлау комисияларын жасақтауды жергілікті мәслихаттар алдағы маусымның 5 не дейін үлгеріп бітулері керек болып отыр, бұл орталық сайлау комисиясының тапсырмасы. Алматы қаласы бойынша 494 сайлау комисиясын жасақтау үшін саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар барлығы 4991 кандидатты ұсынып отыр, ең көп 1283 кандидатты Отан партиясы ұсынған.
XS
SM
MD
LG