Accessibility links

Алматыда Вич инфекциясына қарсы шара басталды


Мамыр айының 27-сі күні Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен бастауыш және кәсіптік орта оқу орындары оқытушылары арасында “ВИЧ инфекциясы мәселелері” тақырыбына арналған республикалық шара басталды. Орта және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Қадырбек Бөрібековтің айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі 2002 жылы Вич/СПИД-ке қарсы күрестің 2002-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасын қабылдаған. Бүгінгі семинардың мақсаты - аталған стратегиялық бағдарламаны іске асыру, жетілдіру,- деді. -Біздің қоғамымыздың басым бөлігін жастар құрайды. Олар біздің болашағымыз. Осы аурудың алдын алу, сақтану жолдарын көбірек айтып, түсіндіруіміз керек.

Қадырбек Бөрібеков мырзаның айтуынша, Қазақстанда 1999 жылға дейін оқу орындарында Вич/СПИД-ке қарсы күрес жайлы арнайы курстар болмаған. 2002 жылы СПИД-ке қарсы стартегиялық бағдарлама қабылданғаннан кейін түрлі оқу құралдары шығарылып, атқарылған жұмыстар да нәтижесіз болмаған.



-Бұрын көбісі бұл ауру туралы білмеген. Ал оның таралуы өте жылдым. 1997 жылдармен салыстырғанда аурудың таралуы төмендегені байқалады.

Медицина ғылымдарының докторы Қалқаман Аяпов бұл көрсеткіштерге қуануға болмайды,- дейді. Себебі, -Әлем бойынша соңғы 20 жылда 20 млн. адам осы ауру салдарынан көз жұмды.



Оның айтуынша, Қазақстанда бүгінде бірқатар шетелдік ұйымдар мен жергілікті мекемелер жұмыс істейді. Алайда Вич инфекциясымен ауыратын адамдарды емдейтін бірде-бір мекеме, олардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым жоқ. Ауыратын адамдар өздерін-өздері қорғай алмайды. Сондай-ақ жергілікті халықтың да аталған ауру жайлы сауаттары өте төмен.

СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығының директоры Диссодора Ерасылованың айтуынша, Қазақстанда Вич/СПИД инфекциясын жұқтырғандар алғаш рет шет елдік студенттер арасында 1987 жылы тіркелген. Бүгінде Қазақстанда Вич/СПИД инфекциясын жұқтырған 4300 адам ресми тіркелген, олардың 26-сы 14 жасқа дейінгі балалар, ал тіркелмегендер саны 25 мыңнан асып, СПИД-пен ауыратындар саны 174 адам болып отыр.



Қазақстанда 1994- жылы Вич/СПИД инфекциясын жұқтырған 5- адам тіркелсе, 1998 жылы олардың саны 299-ды, ал 2001 жылы 1175- ті яғни 29.4 пайызды құраса, өткен 2002-03 жылдары 746 адам 29 пайыз болған. СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығының мәліменттері бойынша ВИЧ инфекциясымен сырқаттанатындар саны бүгінде Қарағанды облысы бойынша 1352, Павлодар облысында 832 адамды, Қостанай облысында 287, Шымкент және Алматы облыстары бойынша 486 адамды құрап отыр. Халықтың жас деңгейіне шаққанда 20-29 аралығындағылардың үлесіне 54.3 пайыз, 30-49 жас аралығындағыларға 24,9 пайыз. 40-49 жас аралығындағы азаматтар үлесіне 7.8 пайыздан келген. Ал 15-19 жас аралығындағылар 10.3 пайызды құраған. Ал жалпы әйелдер арасындағы көрсеткіш сан жағынан 213 адамды құрап, Вич инфекциясымен сырқаттанған 107 сәби туылған.
XS
SM
MD
LG