Accessibility links

Қырғыз елбасы Асқар Ақаевтің Тәжікстанға ресми сапары екі ел арасындағы байналыстарды одан әрі нығайта түспекші.

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Қырғыз елбасы Асқар Ақаевтің Тәжікстанға ресми сапары екі ел арасындағы байналыстарды одан әрі нығайта түспекші. Ол үшін бұл екі мемлекет арасында ортақ та ұқсас жайыттар көп.

Расында да Қырғызстан мен Тәжікстан арасында географиялық, тарихи және саяси тұрғыда ұқсастықтар көп. Қырғыз елбасы Асқар Ақаев аталған елдегі Қырғыз Мәдени күндерін осы сапар барысында салтанатты түрде ашып берген болатын. Ал, әріптесі Имомолы Рахмонов екеуі өзара әріптестік пен достық келісімшартына сәрсенбі күні қол қойды.

Тарихи дамуы жағынан бұл екі ел бір-бірімен тығыз байланыста. Бұл жөнінде Қырғыз мемлекет басшысы былай деген болатын: “Біз бір-бірімізге халықаралық деңгейде қолдау көрсетіп келеміз. БҰҰ-да ТМД одағы, Еуразиялық экономикалық аймақ және Шанхай әріптетсік ұйымында”,-деді Ақаев мырза. Орта Азиядағы бес мемлекет ішінде бұл екі ел жері жағынан шағын елдер боп есептеледі-, дейді Азаттық радиосының тілшісі Брюс Паннер. Екі елдің тұтас халық санын қосқанда, түгелдей алғандағы Орта Азия халқының 20 пайызын ғана құрап отыр. Жерлерінің 90 пайызы таулы өлкелер боп келеді.

Көршілес елдердегі сияқты мұнай, газ сияқты табиғи байлықтары да шамалы. Қиын-қыстау күндерде бұл екі халық бір-біріне арқа сүйейді. Мысалы, 1990-шы жылғы Ош оқиғасы кезінде бас сауғалаған талай қырғыздар көршілес Тәжік жеріне барып баспаналаған болатын. Ал, 1992-97-ші жылғы азамат соғысы жылдарында бірнеше ондаған мың тәжік азаматтары Қырғыз бауырларына келіп паналағаны белгілі. Екі ел де Ауғанстандағы соғыстың әсерлерін көріп бақты. Бұл жөнінде Тәжік елбасы Рахмонов былай деген болатын: “Ауғанстанның жақын көршілері ретінде біз қысымға түстік. Аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күрестік”-, деді ол.

Сондай-ақ екі ел де көршілері Өзбекстанның сыртқы саясатына байланысты өкініш білдірісуде. Қос ел де Өзбекстан арқылы келетін табиғи газға зәру. Қыстың талай қақаған суығында көгілдір отын тапшылығынан бүрсеңдеген кездері де аз емес. Екі елде де саны жағынан көпшілікті құрайтын ұлт-өзбектер-, дейді мақала ауторы.

Сондай-ақ кездесулер барысында қос елбасы таласты сауалдарды да айналып өткен жоқ. Атап айтқанда Қырғызстанның оңтүстігіндегі тәжік ұлт өкілдері өмір сүріп жатқан аймақ -талайдан талас тудырып келе жатқан әңгіме. Ресми тұлғалардың пікірінше таяу арада шекараны белгілеудің техникалық жақтары басталмақшы.

Ал, екі елдің де табиғи таза су көздерінің бастауында отыруы- олар үшін үлкен пайда боп есептеледі. Болашақта табиғи су қорын көршілес елдерге қалай бөлу жөнінде де бұлар әріптестік орнатпақшы. Сонымен бірге, Ауғанстандағы шаралар барысында АҚШ-тың бастауындағы күштердің өз базаларын пайдалануына бұл екі мемлекеттің де мүмкіндік бергені белгілі. Осыларға қосымша, бұл екі ел де металлургия, механикалық инженерлік және су электр бекеттері үшін қажетті машиналарды жасауда әріптестіктерін жалғастырмақшы.
XS
SM
MD
LG