Accessibility links

АҚШ жетекшілігіндегі одақтас күштер бейсенбі күні Қасиетті Наджаф қаласындағы шиит мұсылмандары жетекшісі Моқтада ал-Садрға қарсы шабуылдарын тоқтатуға шешім қабылдады


Оған себеп, ал-Садр өз жауынгерлерін соғыс майданынан алып кетуге келіскен болатын. Өзі қол қойған мәлімдемеде ал-Садр өзіне қарсы жарияланған заңдық шараларды бекер етуге шақырған. Одақтас күштер өкілі Дан Сенор бұл келісім бейбітшілікті тұрақты етуге көмектесер деген үміт айтты. Бірақ Сенордың пікірінше, ал-Садр бәрібір әділ заң алдында жауап беріп, өз жауынгерлерін таратып жіберуі тиіс екен. Ал-Садрдыңдың бүкіл Ирақтағы күштерін қарусыздандыру жөніндегі біздің көрқарасымыз өзгерген жоқ. Ал-Садр қойылған талаптарды орындауы қажет, - деген Дан Сенор.
XS
SM
MD
LG