Accessibility links

Қазақстан республикасының Ішкі істер министрлігі 1 шілдеге дейін елдегі барлық қылмысты тіркеуден өткізбек.

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Қазақстан республикасының Ішкі істер министрлігі басшылығының пікірінше, елдегі қылмысты ауыздықтауға бірден-бір себепкер болып келген барлық қылмыстарды аталған министрлік органдарында 1 шілдеге дейін жаппай тіркеуден өткізетіндіктерін айтып отыр.

Бұл қадам Қазақстандағы қылмыстың қандай деңгейде және қаншалықты қауіпті екенінен хабар беріп қоймай, онымен күресті жеңілдетеді дейді олар. Алайда, ҚР Ішкі істер министрлігінің бұл бастамасын кейбір заңгер- сарапшылар «барының өзін ұқсатпай жатып, басқасын іздеу аса сенімді шара емес» деген пікір білдіріп отыр.

ҚР Ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков ішкі істер саласының шенеуніктері, Қазақстандағы шетел дипломаттары мен қатар Ресеидің, Қырғыстаннның жоғарғы шенді қызметкерлері жиналған халықаралық басқосуда оның пікірінше, елдегі қылмыстың жолын кесуге басты кедергі болып келген жайтты алға тартты.

Ол – министрдің ойынша, аталған сала ісінде жүйесіздік туғызып отырған елдегі барлық қылмыстың тіркелу жайы. Бұл жөнінде әріптестерінің үлкен қателік жіберіп келгенін айтады министр.

Алайда, заңгер Арман Төлегенұлы бұл істе өрескел қателік жіберіп келген шенеуніктер жазаланбай, бұл іс оңға баспайды деген пікірде. Дегенменде, осы сипаттағы сұрақтар мен көңіл толмаушылықтарға министр өздерінің енді қатал әрекет ететіндіктерімен түсінік беретіндігін білдірді.

Бірақ та, құқық қорғаушы маман Асхат Мамыров ішкі істер органдары өздеріне деген халықтың сенімділігін туғызбай, бұл шараға да жұртшылық иланбайды деген күдігін білдіреді.

Сөйтіп, жақындап қалған 1 шілдеде бұл шараның нендей нәтижеге қол жеткізгенін Ішкі істер министрі З. Тұрысбеков хабарлайтындықтарын жеткізді.
XS
SM
MD
LG