Accessibility links

Орталық Азия Ынтымақтастығы ұйымын құру туралы келісімге қосылу туралы берген Ресей өтініші қабылданды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Мамырдың 28-і күні Астанада «Орталық Азия Ынтымақтастығы» ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Асқар Ақаев, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонов және Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтар қатысты. Жабық есік жағдайында өткен кезектен тыс отырыстан соң аталған ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақстан Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Орталық Азия Ынтымақтастығы ұйымын құру туралы келісімге қосылу туралы берген Ресей Федерациясының өтініші қаралып, шешім қабылданғаны мәлім етті.

Ресей тарапынан бұл іс-шараға Ресей Президентінің жеке өкілі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов қатысты.

Кезектен тыс отырыста Орталық Азия Ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің өзара теле-радио бағдарламаларын тарату туралы келісімге қол қойылған.

«Біз осылайша біріңғай ақпараттық кеңістік ынтымақтастықтағындағы жұмысты бастағымыз келеді. Халық бір-бірінің өмірі, мәдениеті және басқа да мәселелерінен хабардар болуы қажет» деді Қазақстан Президенті.

Орталық Азия Ытымақтастығы ұйымының шеңберінде су-энергетика халықаралық концорсиумын құру үшін төрт елдің вице-прьемерлеріне 3 айлық мерзімде ұсыныс жобасын енгізу тапсырылып отыр.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары өзара қарым-қатынастағы ортақ проблемаларға қатысты бірлескен мәлімдеме қабылдаған.Оның ішінде терроршылдыққа қарсы күрес және экономикалық ынтымақтастық мәселесі қоса аталып отыр.

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері Президенттерінің кездесуінде екі ел арасындағы сауда кедергелерін /барьер/ жою туралы хаттамалық шешімге қол қойылған. Президенттер шағын топта мемелекеттердің өзара қарым-қатынасындағы өзекті мәселелр бойынша пікір алмасулар өткізгіндерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG