Accessibility links

Израиль үкіметі Газа аймағынан армияны шығарып, еврей қоныстарын жою туралы премьер-министр Ариэль Шарон ұсынған жоспар бойынша кеше шешім қабылдамады.


Израиль үкіметі Газа аймағынан армияны шығарып, еврей қоныстарын жою туралы премьер-министр Ариэль Шарон ұсынған жоспар бойынша кеше шешім қабылдамады. 7 сағаттық үкімет мәжілісінен соң жобаны талдау келесі аптаға қалдырылды. Израиль баспасөзінің хабарлауынша, премьер-министрді министрлер қолдай қоймады. Сауалнамаға қарағанда, израильдіктердің басым көпшілігі оның жоспарын құптайды. А.Шарон қажет болса, министрлер кабинетін ауыстыруға дейін барып, жоспарды міндетті түрде қабылдаттыратынын ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG