Accessibility links

Бағдадтың маңайында шетелдіктер отырып келе жатқан автокөлік оқтың астында қалып, кем дегенде 2 кісі қаза болды.


Ирақта қантөгіс әлі жалғасуда. Бағдадтың маңайында шетелдіктер отырып келе жатқан автокөлік оқтың астында қалып, кем дегенде 2 кісі қаза болды. Ән-Наджаф қаласында шийт мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Садрдың жасақтарымен қақтығыста АҚШ-тың 2 жауынгері жараланды. Кескілескен атыстар Әл-Куфа қаласында да болды. Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Ас-Самарра қаласында минатқыштың атқылауынан базарда 3 адам қаза болып, бірнешеуі жараланды.
XS
SM
MD
LG