Accessibility links

Сауд Арабиясындағы Әл-Хубар қаласынан кеше бас сауғалап үлгерген 3 террористің ізін кесудің қатаң шарасы жүзеге асырылуда.


Сауд Арабиясындағы Әл-Хубар қаласынан кеше бас сауғалап үлгерген 3 террористің ізін кесудің қатаң шарасы жүзеге асырылуда. Соңғы дерек бойынша, 22 адам Сауд Арабиясындағы лаңекстік шабуылдың құрбаны болды. Қаза болғандардың арасында АҚШ, Ұлы Британия, Италия, Швеция және басқа бірқатар елдің азаматтары бар. Кепілдікке алынған 50 кісінің басым көпшілігі тұтқыннан аман босатылды. Саудия басшылығының хабарлауынша, лаңкестердің бірі оққа ұшқан, лаңкестер тобының жетекшісі жараланып қолға түсті, үшеуі бас сауғалап үлгерді..
XS
SM
MD
LG