Accessibility links

Мамырдың 31 і - Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні

  • Досан БАЙМОЛДА

Мамырдың 31 і саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық елді мекеніндегі Саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алдында үлкен жиын болып өтті. Жиынға Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жазықсыз сотталып, атылып кеткен марқұмдардың ұрпақтары қатысты. 1937-1938 ші жылдары Сталиннің жнедеттері Алматы қаласы мен Алматы облысынан саяси кіна тағылған екі мыңнан астам адамды осы Жаңалық ауылының іргесіне әкеліп атып, кейбірін тірідей көмген оқиға ұмытылған жоқ.

Жалпысы тарихшылар дерегіне жүгінер болсақ 1929-1953 жылдары Кеңес Одағында 40 миллионнан астам адам саяси қуғын сүргін құрбаны болған. Ал Қазақстанға келер болсақ 1921-1954 ші жылдары өтірік тағылған саяси кінамен 100 мыңнан астам адам сотталып бұнің 30 мыңдайы кейін атылып кетті. Тек қана 1931-1933 жылдары әдейі қолдан ұйымдастырылған ашаршылық салдарынан 2 миллионға жуық қазақ құрбан болды ал осы қиындыққа төзбеген бір миллоннан астам қазақ шетелдерге қашуға мәжбір болды. Бұл сол кездегі барлық қазақтың тең жарымынан астамы еді.

Жаңалық елді мекенінде дүйсенбі күні өткен жиынды Талғар ауданы әкімі Кенжебек Өнербаев ашып сөз сөйледі. Бұдан соң жазықсыз атылып кеткен бабалардың ұрпақтары өз ата-аналары туралы еске алып, елге тыныштық, бейбіт өмір тілесті. Бұдан соң саяси қуғын сүргін құрбандарына арналып құран оқылды, одан соң саяси қуғын сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтіп, ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылды.

Жиынға қатысқан адамдар ескерткіш қабырғаларына сол жерде мәңгілік ұйқыда жатқан марқұмдардың аты жөндері жазылса деген пікірлерін білдірісті. Жиынға қатысқан Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық Партиясының бір топ мүшелері « Саяси тұтқын Ғалымжан Жақияновқа бостандық берілсін, Ол түрмеден босатылсын» деген сөздер жазылған тақтайшалар көтеріп, Ғалымжан, Ғалымжан деп айқайласып тұрысты.

Ал зейнеткер Хайролла Адамұлы, бұндай жиынның Республика деңгейінде емес тек аудан деңгейінде аталып өтіліп жатқанына өзінің кейістігін білдірді.

1937-1938 ші жылдары Кеңес одағында жүрілген бұл зұлмат саясат онымен көршілес Моңғолия және Қытай секілді елдерде тұратын қазақтар басына да үйіріліп, сол зұлмат саясат кесірінен талай мыңдаған адам шет жерде жүріп те саяси қуғын сүргін құрбандығына ұшырады.
XS
SM
MD
LG