Accessibility links

«Ақжол» партиясының Парламент Мәжілісі сайлауына қатысуы белгісіз


Сайлау комиссияларын құру кезінде заң бұзушылықтар орын алды. Оппозициялық партиялардың кандидаттарына қысым жасалуда, ал мәслихат жергілікті жерлерде билікшіл партиялардың кандидаттарына дауыс беруде.

Мамырдың 30-ына дейін өткен мәслихаттардың сессиясы бойынша сайлау комиссиясына аталған партиядан 440 кандитаттан 5-еуі ғана өткен.

"Ақжол" демократиялық партиясының тең төрағалары дүйсенбі күні Астанада журналистермен болған кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

«Ақжол» партиясы күзде болатын Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлауға қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз. Ол мәселе партяның съезінде шешілмек.

«Ақжол» партиясының басшылары осылай деп мәлімдеп отыр. Партия тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменовтың айтуынша, қоғам, саяси күштер үміт артып отырған күзгі сайлаудың басынан бастап-ақ билік тарапынан заң бұзушылық орын алуда.

«Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес сайлау комиссияларын партиялар ұсынған кандидаттар бойынша мәслихаттар құрады. Әлихан Бәйменовтың айтуына қарағанда, жергілікті жерде өкілі жоқ, ұсыныс жасамаған партиялардың өкілдерін сайлау комиссиясына кіргізіп, «Ақжол» партиясы ұсынған кандидаттарды тізіміге 8-ші, 9-шы қылып енгізіп партия кандидаттарын енгізбеуге барлық жағдай жасалуда дейді.

Партия басшылары осы жылдың 15-мамырына дейін республикадағы сайлау комиссияларының мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың тізімін дер кезінде мәслихатқа тапсырғандарын айтады. Алайда, сайлау комиссиялары мүшелерінің сайлауы болған бірқатар аймақтарда «Ақжолдың» және басқа да демократиялық партиялардың өкілдері сайлау комиссиясының тізіміне енбей қалды дейді.

Ақжолдықтар партия тізімі бойынша сайланатын депутаттар саны көбейтілуі керек деген пікірде. Партия тең төрағаларының бірі Ораз Жандосов, парламентте партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар саны 50 пайызға дейін ұлғайтылуы қажет. Осы мәселеге орай конституцияға өзгеріс енгізу керек деп есептейді. Бұл бастамаға Қазақстанның демократиялық таңдауы және ауыл партиялары қолдап білдірген.

Жандосовтың айтуынша, аталған партиялар мемлекет басшысына осы мәселеге орай үндеу жолдамақ.

Партия жетекшілерінің бірі Людмила Жуланова сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістер заңды біраз жақсартқанмен, кейбір нормаларды қолдану заңды қиындатады. Бұл электрондық дауыс беруге қатысты. Электрондық дауыс беру әлемде пайдаланылмайды. Дауысты электрондық жүйемен есептеу пайдаланылады. Жабдықты сатып алуға кеткен ақша да мемлекет үшін қомақты қаражат дейді.

Жуланованың айтуынша , бес партия электрондық дауыс беруді алып тастау туралы парламент пен үкіметке үндеу жолдаған.

Партия тең төрағаларының бірі Алтынбек Сәрсенбаев, билік сайлау компаниясын алдынан–ақ қалай дауыс берсеңдер де еріктерің санақ жүргізетін біз боламыз деп отыр. Бұл көзқарас өзгермейінше, біз сайлауға қатысудың мәнін көріп тұрған жоқпыз дейді.

Сәрсенбаев мырза, Қостанай облыстық мәслихаты сайлау 18 комиссиясын құрды. Орталық сайлау комиссиясынң мүшесі Ләззат Сүлеймен сайлау комиссияларын қалыптастырумен мәслихаттар айналысып жатыр, басқа ешкім араласпайды дегенді айтады.

«Ақжол» партиясы маусымның 12-і күні Аламты қаласында «Ақжол» лайықты өмірдің өзгерістері үшін деген тақырыпта митинг өткізбек. Онда тұрғын үй-коммуналдық қызметіне бағалардың әділ қойылуына жалақы мен зейнетақының көбеюіне әділ сайлаудың өткізілуін, қоғмады жемқорлықтан және қылмыстан тазартуға байланысты құқықтарымызды қорғалуын талап ететін боламыз деп отыр.
XS
SM
MD
LG