Accessibility links

Гүлнар Демеуова: Мен солақай саясаттың құрбанымын

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Оқиғаның болғанына 18 жыл өтсе де әлі де желтоқсан құрбандары толық ақталып болған жоқ. Желтоқсан оқиғасының зардабын өмір бойы тартып келемін. 21 жасында желтоқсан оқиғасына қатысып, алаңға барып өз ойымды ашық айтқандығы үшін еркімнен тыс 44 күн Республикалық психотерапия және наркология орталығында “жүйкесінде ауытқуы” бар деген жалған диагнозбен ем қабылдадым,- дейді Алматы Поршень зауытының жұмысшысы Гүлнар Демеуова.



-Мен қазір толқып отырмын. 1986 жылы не үшін? кім күшін? таяқ жедім. Сол кездегі солақай саясаттың құрбаны болдым. Қазір менің жағдайым өте қиын. Атақ алайын, пайда көрейін деп отырғаным жоқ Менің бүлдіршінімнің ертеңгі күні не болады? Туған-туысым жоқ.



1987 жылы Республикалық психотерапия және наркология орталығында еркінен тыс 44 күн ем алғаннан кейін, қашып шыққан Гүлнар Демеуова өзінің туған жері Қызылорда облысының Жалағаш ауданына барып, тұрмысқа шығады. Бүгінде жолдасының қайтыс болғанына жет жыл болыпты. Басында үйі, қолында жұмысы жоқ Гүлнарға күнкөрістің өзі қиындап кеткен.



- Сондықтан Алматыға келуіме тура келді. Жұмыс іздеп бірқатар жерлерде болдым. Ешқайсысы алмайды.

Осы орайда айта кетер жайт Гүлнар Демеуованың қолы, мұрны, аяғы қалыптан тыс үлкейіп өсіп кеткен. Ол мұның себебін еркімнен тыс 1987 жылы тамыз-қазан айларында қабылдаған психотроптық емнің салдарынан болды,- деп түсіндірді. Арада 18 жыл өткеннен кейін құзырлы орындардан өзінің желтоқсан оқиғасына қатысты құжаттарын іздеген Гүлнар Демеуова ешбір құжатын таба алмапты.

Гүлнар Демеуованың желтоқсан оқиғасына қатысқандығына куәгер Алматы Поршень зауытының бұрынғы жұмысшысы Ғалия Әбілхатина Гүлнардың желтоқсан оқиғасына қатыстылығын айтып, Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ақтау комиссиясының төрағасы Мұхтар Шахановқа, Төлеген Әлжановқа да бардық. Алайда, ол тірлігімізден түк шықпады,- дейді.

Осы мәселеге қатысты біздер Мұхтар Шахановқа хабарласқанымызда оның жауабы төмендегідей болды. -Бәрі де ақталып болды ғой. Қазір біз “Желтоқсан рухы” деген қоғамдық ұйым құрып жатырмыз. Нақты дерегі болса маған хабарлассын. Біздің мақсатымызда сондай азаматтарға қолдау көрсету. Менің әзірге бар айтарым осы,- деді.
XS
SM
MD
LG