Accessibility links

Сауд Арабиясының Қауіпсіздік қызметкерлері кепілдікке алынған шетелдік тұтқындардың көпшілігінің құтқарылғанын айтты.


Кеше 50-дей адамды, әл-Қайда ұйымына қатысы бар жауынгерлер, Хобар қаласында кепілдікке ұстаған болатын. Хабарларға қарағанда, олардың басшылары қолға түскен және тұтқынға адам ұстаған екі жауынгер шайқастар барысында қаза болған екен. Жалпы осы кепілдікке адамдарды алушылар саны 4 немесе алты адам болуы мүмкін, деген мәлімет айтылған еді. Қалғандарының тағдыры әзірге белгісіз. Сауд мемлекеттік теледидары арқылы, Ханзада Абдулла бин Абдул Азиз сенбі күні сөйлеген сөзінде: “Мұндай келеңсіз тірліктердің енді қайталанбауына Саудия азаматтары да және онда тұрушылар да бірдей дәрежеде мүдделі. Исламға қатысы бар ешкім де немесе ешқандай адамзат баласы мен айрықша билікке иелер де оларға ешқандай кешірім жасай алмайды,”-деген еді. Филиппиннің Саудиядағы елшісінің айтуынша, ол елдің үш азаматы қаза болған. Сондай-ақ, бір британдық және бір итальяндық азамат қаза болған. Алайда олардың Саудия әскерилерінің шабуылы барысында ма, жоқ әлде одан бұрын ба, қашан өлтірілгені әл-әзір белгісіз. Құтқару барысында кепілдіктегі адамдардың оққа ұшқан-ұшпағаны жөнінде Саудия өкілдері хабар айта қойған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG