Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Сауд Арабиясының таққа мұрагер ханзадасы Абдулла бин Абдиль Азизге көңіл білдірді.


АҚШ президенті Дж.Буш Сауд Арабиясының Әл-Хубар қаласында лаңкестердің қолынан 22 адамның құрбан болуына байланысты таққа мұрагер ханзада Абдулла бин Абдиль Азизге көңіл білдірді. Дж.Буш халықаралық лаңкестікке қарсы күресін одан әрі жалғастыратынын мәлімдеп, Сауд Арабиясына қолұшын созуға уәде берді. Сенбі күнгі лаңкестік шабуылдан 22 адам, оның ішінде АҚШ, Ұлы Британия, Италия, Швеция және басқа шетелдердің азаматтары қаза болды. Бас сауғалап үлгерген 3 лаңкеске іздеу салынды.
XS
SM
MD
LG