Accessibility links

Пәкістанның Карачи қаласында шийт мұсылмандарының мешітінде болған бомба жарылысынан кем дегенде 15 кісі құрбан болып, 40 адам жараланды.


Пәкістанның Карачи қаласында шийт мұсылмандарының мешітінде болған бомба жарылысынан кем дегенде 15 кісі құрбан болып, 40 адам жараланды. Бұл жарылыс Карачиде сүнни мұсылмандарының белгілі мүфтиі Низамеддин Шамзайдың қаза болуынан 1 тәулік өткенде, дүйсенбінің кешінде болды. Пәкістанның ақпарат министрі Рашид Ахмад президент Первез Мушаррафтың қаладағы тәртіпті орнату үшін қатаң шара қабылдауға уәде еткенін жария етті. Сүнни мен шийт мұсылмандарының өзара қақтығысынан соңғы 15 жылда 4 мың кісі қыршын болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG