Accessibility links

Aта-анадан пара алу үстінде мектеп директоры ұсталды.


31-ші мамырда Алматы қаласындағы мектептерінің бірінің директоры ата-анадан пара алу үстінде ұсталған. Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне 27-ші мамыр күні, В. деген азаматтан, өзінің баласының математика және ағылшын пәндерінен алған екіліктерін жою үшін мектеп директоры пара ретінде радиотелефон сұрағаны жөнінде арыз түскен.

Бұл жөнінде Алматы қалалық эканомикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменті хабарлаған болатын. Аталмыш департаменттің аға инспекторы Руслан Тлемісовтың айтуынша, директор оқушы ата-анасынан баласының сабақтағы екіліктерін жоюы үшін пара ретінде радиотелефон талап еткен. Бүгінде білім ордасының басшысы қамауға алынып, осы іске байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 1-ші бөліміне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде 40 АҚШ долларына бағаланған радиотелефонды талап еткен директор, өз кінәсін мойындап отырғаны белгілі болып отыр. Кінәсі дәлелденген жағдайда 5-жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Руслан Тлемісовтың айтуынша, бұл білім ордаларының басшылары пара алып ұсталған жағдай бірінші рет тіркеліп отыр.
XS
SM
MD
LG