Accessibility links

Израил премер-министрі Ариел Шаронның Газа аймағынан шығу жоспары өзінің Ликуд партиясы тарапынан қатта қарсылыққа тап болса, көршілес Египет оған қолдау көрсетіп отыр.


Кеше Египет президенті Хосни Мүбарак Палестина бақылауы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеген. Американың қолдауына қарамастан, Шаронның жоспарын Ликуд партиясы мен билік кабинеті кері қаққан болатын. Шарон Газа секторынан шығудың 2005 жылға қарай аяқталатын ұйымдасқан жоспарын Кабинетке жексенбі күні ұсынатындығын айтқан-ды. Алайда жоспардың қабылданбағаны белгілі болғанда ол дауысқа салудың нәтижесін айтудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG