Accessibility links

Халықаралық атом энергиясы агенттігі Иранның ядролық бомбаны дамытуға қолданылуы мүмкін жабдықты қалай алғаны жөнінде деректерден сәйкессіздік тапқандығы айтылады.


Дипломаттар мен журналистердің сөздеріне сілтеме жасалған бұл хабарларда агенттіктің құпия зерттеулерінде осындай ақпараттың бар екендігі айтылған. Зерттеулерде Иран үкіметі уран байтытатын жабдықты шеттен алды деген болжам жасалған. Оның алдында Иран басшылары мұндай центрифугалар Иранның өзінде жасалды деп айтқан болатын. Бақылаушылардың пікірінше, бұл сәйкессіздік Иранның Халықаралық атом энергиясы агенттігімен бірлесіп, ашық жұмыс істеп отырмағанын көрсетеді. Америка Иран ядролық қару бағдарламасын дамытып жүзеге асырып отыр деп талап еткен соң, МАГАТЭ Иранның осындай бағдарламсына тексеріс, зерттеу жүргізуде. Иран болса ядролық қару бағдарламсын дамытып отырмағандығын мәлімдеп келеді. Кеше ертерек МАГАТЭ басшысы Мохамед Елборадей инспекторлар Иран ядролық энергия бағдарламасынан әскери-соғыс мақсаттарының айғағын таба алмады, дегенмен де бағдарлама тек бейбіт мақсатқа арналған деп те айтуға әзір болмайды деп мәлімдеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG