Accessibility links

АҚШ пен Ұлыбритания БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесіне Ираққа байланысты қайта қаралған шешімді ұсынды.


Хабарларға қарағанда, бұл шешім Ирақ әскері мен полициясына үкіметтік бақылау беріп, көпұлтты бітімгершілік күштерінің мерзімі – ең кеш дегенде 2006 жылдың қаңтар айының аяғына қарай аяқталуын қарастырады.

Бұдан бұрынғы Америка-британ шешімін Франция, Германия және Ресей ол шешім Ирақ тұрғындарына өз мәселелерін шешуде жеткілікті билік бермейді деп сынаған болатын. Қауіпсіздік кеңесінің бұл шешімі Бағдадта Ирақ уақытша үкіметінің 26 мүшесі тағайындалған соң белгілі болды. Ирақтың уақытша преизденті болып сайланған Ғази әл- Иауерр үкімет демократиялық мемлекет құру жолында жұмыс істейтін болады деп атап көрсеткен:

-Бұл плюралистік, федералдық және демократиялық Ирақ. біз кез келген тұрғын еркіндіктің рахатын көре алуы үшін жұмыс істейтін боламыз,-дейді Ирақтың жаңа президенті.

Жаңа үкімет АҚШ тағайындаған мерзім- маусымның аяғына дейін билік басындағы жұмыстарын бастай беруі үшін, Ирақтың басқару кеңесі бірден өзін-өзі таратқан.

БҰҰ-ң Бас хатшысы Кофи Аннан Ирақтың уақытша үкіметінің тағайындалуын "нағыз алға басқан қадам" болды, бірақ күрделі жұмыстар да алда күтіп тұр деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG