Accessibility links

«Assandi-Times» газеті бас редакторының орынбасары Галина Дырдина: «Assandi-Times» газетінің сәрсенбі күні жарық көрген саны жалған


Негізінен аптаның жұма күні жарық көретін оппозициялық бағыттағы «Assandi-Times» газетінің сәрсенбі күні жалған санының жарыққа шығып, бөлшек саудада сатылып жатқандығы мәлім болды. Осы мәселеге байланысты шұғыл түрде баспасөз мәслихатын өткізген аталған басылымның бас редакторының орынбасары Галина Дырдина газеттің «шұғыл басылым» деген белгімен басылып, таралып жатқандығын өз таратушыларымыздан естідік. Сұрау салу нәтижесінде сәрсенбі күні таңғы сағат 5-тер шамасында аталған басылымның көтерме сауда нүктесіне белгісіз біреулер газетті тауар құжатынсыз, әкеліп тастаған.

Кейбір таратушылар газетті бөлшек саудаға шығарып, сатып жіберген. «Assandi-Times» газеті атын жамылған жалған басылымның қанша тиражбен жарық көргенін білмейміз. Біз бұл жағдайды арандатушылық деп түсінеміз және биліктің ісі екендігіне күмәніміз жоқ, - деді.

-Кейбір көше сатушылары газетті тегін таратып жіберген. Ал газеттің тұрақты оқырмандары мен таратушылары газеттің жалған санын редакцияға алып келді.

Осы орайда Галина Дырдина ханым «Assandi-Times» газеті басылып шығатын «Время принт» баспаханасында маусым айының 1-2 күндері газетті басу жөнінде ешқандай тапсырыстың болмағандығын растайтын құжатты көрсетті. Аталған газеттің жауапты хатшысы Константин Терентьев жалған басылымның әр бетінің қатталуы, шрифтері біздің газетіміздің шрифтеріне сәйкес келмейді. Мұны кез-келген оқырман біледі. Сондықтан да жалған газет «Assandi-Times» газетінің ұжымына тиесілі емес,- дегенді айтты.



Осы мәселеге байланысты саясаткер Шәріп Құрақбаев өз ойын былайша білдірді.



-Бұл біріншіден, сайлаудың жақындап келе жатқандығын білдіреді. Екіншіден, билік өз әлсіздігін тағы бір дәлелдеді. Билік енді халық арасына әлеуметтік зерттеу жүргізеді. Халықтың қаншылықты сенгендігін біледі. Егер халық бұған сенбесе басқа әдісін ойлап табады. Қара пиар деген осы. Міне басталды. Бұл кең көлемді қамтып, күшейіп, ұлғая беруі мүмкін.



Осы орайда біздер қала көшелерінде газет сататын сатушыларды сөзге тартып, «Assandi-Times» газетіне байланысты пікірлерін сұраған едік. Олардың кейбірі сәрсенбі күні «Assandi-Times» газеті шықпайды десе, бірі жасырып сатып жатқандығын жеткізді.



-Ол газетті сатамын. Жақсы өтеді, бірақ жұма күні шығады ғой. Арнайы босату нүктелерінен барып аламын. Бүгін менде жоқ.



-Бізге тығып сатыңдар деді. Тығып сатып жатырмыз. Шындықты сататын газет қой.



-«Assandi-Times» газетінің жалған саны жарыққа шықты деп айтып жатыр ғой сіз естідіңіз бе?



-Жоқ ол туралы білмеймін.



-Сатып жатырмын. Әкелетін адамдар бар солардан аламын. Олардың қайдан алатынын мен білмеймін.



-Бүгін менде жоқ. Жұма күні келіңіз. Болады.
XS
SM
MD
LG