Accessibility links

Бейрутта ОПЕK жиыны ашылды


Бүгін Ливан астанасы Бейрутта мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы ОПЕК тің мұнай бағасын түсіру жөніндегі жиыны ашылды. Кувейт пен Біріккен Араб әмірліктері ОПЕК осы отырысында мұнай өндіруді күн сайын 23,5 миллион баррелден 26 миллионға көтерер деген үмітте екенін мәлімдеді. Яғни мұнай өндіруді ОПЕК елдері 11 пайызға көбейтуге тиіс деді. Сейсенбі күні бір баррел мұнай бағасы Нию Йоркте 42 доллар болса кеше 40 долларға дейін төмендеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG