Accessibility links

Қазақ спортын сынайтын журналистер қатары азайды

  • Гүлмира ХАМЗА

Маусымның 3-ші күні «Sport&KS» газетінің бас редакторы, журналист Несіп Жүнісбаев спорт журналистикасынан кететінін мәлімдеді. 30 жылдан астам уақыт бойы спорт журналистикасында жұмыс істеген маман Несіп Жүнісбаев мұның себебін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігінің жетекшісі Даулет Тұрлыхановпен болған түсініспеушілікпен заңсыздықтармен байланыстарыды.

Маусымның 3-ші күні Несіп Жүнісбаевтың «Sport&KZ» газетінің бас редакторы қызметінен кеткеніне төрт ай болған. Осы уақыт аралығында бұқаралық ақпарат құралдарының, Халықаралық «Әділ сөз» және «Журналисттер қауіп-қатерде» деген қорлардың ат салысуымен, Қазақстан парламенті депутаттарының және Қазақстан үкіметінің жетекші Даниал Ахметовтың араласуымен Несіп Жүнісбаев өз қызметіне қайта келген. Қызметінен заңсыз босатылғанына байланысты Туризм және спорт агентігі Несіп Жүнісбаевқа жұмыс істемеген уақытта төленбеген ақшасын өтеп берген, бірақ агенттіктің жетекшісі Дәуелет Тұрлыхановпен әңгімелескеннен кейін, Несіп Жүнісбаев өз еркімен қызметінен кетемін, деп шешім қабылдап, арыз жазған.

Несіп Жүнісбаев,журналист:

-Мен қазір 54 жасқа аяқ бастым, өмірімнің 32 жылын осы спорт журналистикасына арнадым, студенттік уақытта да осы спорт туралы жазып жүрдім. Сол себептен өмірімде көргенім осы спорт журналистикасы ғана болған.Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігінің жетекшісі Дәулет Тұрлыханов менің осы жылға дейін жасаған еңбегімді, шығармашылық жолымды, бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерімді сызып тастағаны үшін, мен спорт журналистикасынан кетемін. Бұл қадам арқылы мен Туризм және спорт агенттігінің жетекшісі Дәулет Тұрлыхановтың маған көрсеткен заңсыздық әрекеттеріне қарсылық білдіргім келеді.

Маусымның 3-ші күні жасаған мәлімдемесінде Несіп Жүнісбаев спорт журналистикасына Туризм және спорт агенттігінің жетекшілері ауыспай қайта оралмайтынын жеткізді. Несіп Жүнісбаевтың мәлімдемесіне байланысты біз Туризм және спорт агенттігінің жетекшісі Дәулет Тұрлыхановтың пікірін білуге тырыстық. Бірақ агенттік кеңсесінде отырған хатшы қыз Даулет Тұрлыханов орнында жоқ дегенді айтты.

Дәулет Тұрлыханов орнында жоқ болғаннан кейін, біз Туризм және спорт агенттігінің баспасөз қызметіне хабарластық. Агенттіктің баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріптің пікірін білдік. Диас Ахметшәріп,Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігінің баспасөз хатшысы:

-Несіп Жүнісбаев кетемін десе, кете берсін. Қазір ол кісінің бос уақыты көп, сол себептен не істеймін десе де, ол кісі өзі біледі. Спорт журналистикасы Несіп Жүнісбаевқа қарап қалған жоқ, басқада журналисттер бар.

Несіп Жүнісбаев қызметінен кеткеннен бері журналистке қолдау көрсетіп жүрген «Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженова мәселе спорт журналистиксында емес, мәселе адам құқығында болып отыр дегенді айтты.

Ғалия Әженова, «Әділ сөз» қорының өкілі:

-

Несіп Жүнісбаев спорт журналистикасынан кетсе, онда жағдай өзгермейді, бірақ бұл жерде адамның құқығы бұзылып отыр, сөз бостандығына нұқсан келтіріп отыр.

Спорт сүйер азаматтың бірі Ерлан Бектемір. 23 жасар Ерлан Бектемір журналист Несіп Жүнісбаевтың не себептен спорт журналистикасынан кететінін білмейді. Бірақ бұл спорт саласына әсер етуі мүмкін, -дейді ол.

Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың қаңтар айында Несіп Жүнісбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде «Қазақ спорты қайда барасың?» деген проблемалық мақаласы жарияланған. Көп ұзамай Несіп Жүнісбаев «Sport&KZ» газетінің бас редакторы қызметінен кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG