Accessibility links

Кәсіпкер Гиффен Қазақстан президенті Н. Назарбаев пен бұрынғы министр Н. Балғымбаевқа сыйақы төлеу арқылы Американың сыбайласқан жемқорлыққа қарсы заңын бұздым деп білмейтіндігін айтып, өзіне тағылған айыпты мойындамаған.


Қорғаушылар бейсенбі күні Нью-Йорктің федералдық сотынан Джеймс Гиффен қазақ шенеуніктерінің тапсырысын орындады деп оған тағылып отырған айыптауды кері қайтаруын өтінген. Судья Уиллям Паулей бір аптаның ішінде іспен айналысатындығын айтқан.

Американың федералдық айыптау орындары Дж.Гиффенді 1995-2000 жылдар аралығында Швейцариядағы Назарбаевтың құпия есебіне және басқа да есептерге миллиондаған доллар қаржы аударған деген айып тағып отырғаны белгілі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG