Accessibility links

Сайлау комисияларын жасақтау жалғасуда


Бүгінгі дейін республика бойынша қанша сайлау комиссиясының құрылғаны туралы жағдайдан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары жоқ. Орталық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Қуандық Тұрғанқұлов осылай деп отыр.

Тұрғанқұлов мырза бұл мәселемен айналысатын мәслихаттар, олар осы жұмыс аяқталған соң ақпарат құралдарына мәлімет таратады. Орталық сайлау комиссиясының бұған қатысы жоқ дегенді айтады. Оның айтуынша республика бойынша 13 мың 300 сайлау комиссиялары құрылуы керек.

Ал, жекелеген облыстарда сайлау комиссияларын құру жұмысының алғашқы нәтижелері белгілі болуда.

Ақпарат көздеріне қарағанда Қарағанды облыстық мәслихаты кезектен тыс 7-ші сессиясында сайлау комиссиясының құрамын бекіткен. Барлық партиялар 7 мыңға жуық кандидат ұсынған. Сайлау жасырын дауыс беру жолымен жүргізілген. Нәтижесінде «Комунистік» және «Ақжол» партиялары ұсынған кандидаттар өтпеген, «Отан» мен «Асар» партияларының кандидаттарына депутаттар бірауыздан дауыс берген.

Ал, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Қабиба Сарқұлова ханымның айтуынша, қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жеті партиядан әр қайсынан бір адамнан енген.

« «Азаматтық», «Руханият», «Ауыл», «Отан», «Аграрлық», «Патриоттар» және «Асар» партиялары. Аумақтық комиссия 23 оған осы жеті партияның өкілдері кірді. Учаскелік комиссия саны – 108. Оған аталған партиялардың өкілдері кірді. «Қазақстанның демократиялық таңдауы», «Ақжол», «Коммунистік» партиядан ұсыныс болды. Бірақ олардың кандидаттары өтпей қалды» дейді Сарқұлова ханым.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының бөлім меңгерушісі Болат Назаровтың айтуынша, облыстық сайлау комиссиясының құрамына 10 партия да өз кандидатураларын ұсынған.

«Отан» және «Асар» партиялары ең көп дауыс алды. Ең аз алғаны «Қазақстаннның демократиялық таңдауы» партиясы дейді.

«Асар» партиясының парламенттік фракциясының төрағасы Рашид Ахметов сайлау комиссияларын құру мәслихаттардың құзырында, біздің де партия ұсынған кандидаттардың барлық жерде жолы болып жатқан жоқ дейді.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының мүшесі Зәуреш Батталованың айтуынша, Екібастұз қаласы бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған 61 кандидаттың бірде-біреуі өтпеген. Ал, Атырауда 37 кандидаттың біреуі ғана өтті дейді.

«Азаматтық» партияның парламенттік фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаттығына Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Асқар Қабанбаев, жекелеген партия кандидаттарының өтпеу себебін сайлау комиссияларын құру мерзімінің аздығынан жән партиялардың өз кандидаттарын ұсынбауынан деп есептейді.

Заңгер Ирак Елекеев, Атырау облысында сайлау комиссиларына жекелеген партия өкілдерінің өтпеу себебі барын айтады.

«Ақжол», «Қазақстанның демократиялық таңдауы», «Коммунистік » партиялардың кандидаттары өтпеді. Менің пікірімше, бұл кезінде мәслихатқа дұрыс сайлау болған жоқ. Шынын айту керек, қазір жергілікті әкімшіліктер не айтады соны жасап отыр» дейді Ирак Елекеев.

Кейбір ақпарат көздеріне қарағанда сайлау комиссияларын құру жұмысы маусымның 7-інде аяқталады екен.
XS
SM
MD
LG