Accessibility links

Тәжікстан өзінің бос әуе базасын нақты уақыты белгісіз мерзімге Ресейге беруге келісті дейді Ресей жағы.


Мұндай хабарламаны Кремль кеңесшісі Сергей Приходько Сочиде Ресей президенті Вл. Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновтың кездесуінен кейін жасаған. Приходьконың айтуынша, президент Рахмонов тәжік-ауған шекарасын орыс шекарашыларының 2006 жылға дейін күзетуін сұраған. Президенттер бас қосуында сондай-ақ Тажікстанның Мәскеуге қарызы және де басқа экономикалық маселелер талқыланған. Ал бүгін Қара теңіз жағалауындағы Сочи қаласына Ресей президенті Вл Путинмен кездесуге Беларус президенті Александар Лукашенко келуге тиіс.
XS
SM
MD
LG