Accessibility links

Гонконгта кеше күні бойына 80 мыңдай адам 15 жыл бұрынғы Тыниянанмен алаңындағы қырғын құрбандарын еске алып, шырақ жағып тұрды.


Осындай еске алу вахталары мен жиындар Тайванда Португалияның бұрынғы анклавы болған Макода және Вашингтонда да болып өткен. Гонконг парламентінің мүшесі, осы еске алу шараларын ұйымдастырушылардың бірі Ли Чеук Ян мұндай вахтаның Пекинде өткізілмегені өкінішті деген. -Біздің өшпейтін шырақ жағып, Тыниянанмен алаңында Қытайдағы демократия үшін құрбан болғандарды еске түсіру салтанатын Гонконгта ғана емес, Пекинде де өткізерміз деген үмітіміз бар,-деген.

Вашингтонда Мемлекеттік департамент Қытайдың коммунистік басшылығын студенттердің шеруі жөніндегі ресми көзқарасты өзгертуді сұраған. Пекинде полиция көшелерді қатты қадағалауға алып, 1989 жылы 4 маусымда көтеріліс кезінде студенттер қаза болған алаңда бірнеше адам ұсталған. 15 жыл бұрын бірнше жүздеген жас опат болды делінеді, бірақ олардың нақты саны жөнінде мәлімет белгісіз.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG