Accessibility links

Кеше Сауд Арабиясының астанасындағы қарулы шабуылдан британдық ВВС телекомпаниясының операторы оққа ұшып, тағы бір журналист жараланды.


Кеше Сауд Арабиясының астанасындағы қарулы шабуылдан британдық ВВС телекомпаниясының операторы оққа ұшып, тағы бір журналист жараланды. Саудияның ішкі істер министрлігі хабарлағандай, шетелдік азаматтарды Әр-Риад қаласының кедейлер тұратын ауданында белгісіз біреулер атып кеткен. Сауд Арабиясында шетелдіктерге шабуылдар жиілеп кетті. Өткен аптада қарулы лаңкестер Әл-Хубар қаласында мұнай компаниясының кеңсесі мен тұрғын үй кешенін басып алып, 20 адамды, оның ішінде 19 шетелдікті өлтірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG