Accessibility links

Израйльдің Газа аймағынан шығу үдерісі кезінде және одан кейінгі аралықта заңдылықтардың және тәртіптің сақталуында Мысыр елі негізгі рөл атқармақшы.


Бұл жөнінде Израйль Сыртқы істер министрі Силван Шалом хабарлады. Бұл хабарламасын Шалом мырза Қайырға сапары барысында айтқан болатын. “Израйль мен Мысыр арасындағы осы келісімді жүзеге асыруға біз қазір жақын тұрмыз. Ол бойынша, шекараның Мысыр жақ бөлігінде бұл ел 100-ден аса әскер күштерін, 100-ден аса солдаттарын орналастыра алады”-, деді Шалом мырза. Кеше Израйль өкіметі Ариель Шарон мырзаның Газа аймағы мен Батыс жағалаудан шығу жөніндегі жоспарын мақұлдады. Алайда ол үдеріс 2005-ші жылдың наурыз айында ғана басталуы тиіс-, деді Израйль кабинет мүшелері.
XS
SM
MD
LG