Accessibility links

Қазақстаннан Чехияға заңсыз қару жарақ кіргізбек болған Чех азаматы қәзір полиция бақылауында

  • Досан БАЙМОЛДА

Чехияда күнделікті шығатын, көбінесе әлемдегі және сол елдегі экономикалық жаңалықтарды жазатын «Hospadarske Noviny» газетінің маусымның 4 і күнгі санында Қазақстанға қатысты бір мақала жарық көрді. Онда Чех азаматы, сол елдің оңтүстік Моравия өлкесінен шыққан 33 жастағы кәсіпкер Далибор Копптың кезінде, дәлірек айтсақ 1998 жылы Қазақстаннан Чехияға жарты тоннадай марихуана есірткісін және 900 пулемет қаруын заңсыз кіргізбек болғаны туралы жазылыпты.

Чехияда шығатын бұл газеттің жазуына қарағанда Д.Копп көп жылдардан бері тараптармен күмәнді кеілісім шарттар жасасу арқылы қару жарақ, оқ дәрі саудасымен айналысып келіпті. Өткен маусым айында ол қәзір соғыс оты тоқтамай жүріліп жатқан Иракқа оқ дәрі шығармақ болғаны үшін Чех полициясы тарапынан айыпталып, бірақта қамауға алынбаған еді. Енді полиция егерде Д.Копп шетелге қашып кетсе не істейміз деп сасқалақтаған жағдайда отыр деп жазады HN газеті. Аталмыш газеттің жазуына қарағанда Д.Копптың қару жарақ саудасымен айналысып жүргендігін ұйымдасқан қылмыстық топтар өз бақылауларында ұстап келгеніне қарамастан өткен 4 жылдың ішінде Чехияның сауда және өндіріс министрлігі оған соғыс мақсатындағы емес қаруларды сатуға 19 түрлі лицензия яғни рұхсат еткен құжаттар беріпті. Алайда газеттің жазуынша қару жарақ саудасын жасаушылар арасында Чех азаматының беделі онша жақсы болмаған. Оның күмәнді істерін бірқатар елдердің барлау қызметтері де өз назарларында ұстапты. Осы жайттарды ескерген чех полициясы 1999 шы жылы Чехияның Сауда және Өндіріс министрлігіне арнайы хат жолдап, Далибор Копптың істері күмән туғызатын топтармен байланысып жүргендігін хабарлапты. Чех кәсіпкері Д.Копп 1998 ші жылы Қазақстаннан Чехияға жарты тонна марихуана есірткісін және 900 дана пулемет қаруын кіргізбек болыпты. Ол бұл қаруларды және есірткіні тиеген Қазақстанның жүк ұшағын Чехияның Брно қаласының әуежайына техникалық себептерден деген сылтаумен төтенше жағдайда қондырып, ұшақтағы жүктерді басқадай жүкпен ауыстырмақ жоспар құрады. Ол ұшақтағы қару жарақты тездетіп Таяу Шығыс елдеріңнің біріне сатпақшы болыпты. Алайда полиция бұл қылмыстың ізін кесіп, Д.Копптың жоспарын іске асыртпай тастайды.

Чех полициясының айтуынша Д.Копп өзі 1998 ші жылы құрған чех-қырғыздың біріккен BMZ атты компаниясы арқылы Чехияға Қытайдан кіші калибрлі мылтықтар мен тапаншалардың оқ дәрілерін жасайтын арнайы құрал жадықты кіргізуге тырысқан. Алайда кейін ол бұл оқ дәрі жасайтын кішігірім цехты Парсы шығанағы елдерінің біріне сатыпты.

Біз Чех азаматының Қазақстан мен заңсыз қару жарақ саудасын жасамақ болғандығына жалпысы Қазақстанда заңсыз қару жарақ саудасы қазір бар жоқтығына байланысты бірқатар қазақстандық сарапшылардың пікірлерін сұраған едік.

Сарапшы Камал Бұрқанов бұл Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық мәселесімен тығыз байланыста, заңсыз қару жарақ саудасын жасауға қатаң бақылау жасалуы тиісті деген пікір білдірді. Ал саясаткер Досым Сатпаев: «Заңсыз түрде қару жарақ сату ісінде Қазақстанның беділі біраз төгілді. Ол бұрынғы Югославиядағы бір бірімен соғысушы жақтарға қару сатқаны үшін және Солтүстіү Кореаға Миг-21 ұшақтарын сатқаны үшін халықаралық деңгейдегі бет беділінен айырылған еді. Қазақстан басшылыға соған қортынды жасағандықтан болар соңғы кезде қару жараққа деген бақылауын күшейтті» дейді ол.
XS
SM
MD
LG