Accessibility links

Алматы қалалық маслихат депутаттары жергілікті сайлау


Қазақстанның барлық аймақтарында жүріп жатқан жергілікті сайлау учаскелері құрамын сайлау барысы елдегі оппозициялық күштерді қанағаттандырмай отырғаны белгілі.

Енді Алматы қалалық маслихатының кезектен тыс жетінші сессиясының үшінші шақырылымының бірінші мәжілісі қалалық төменгі деңгейдегі барлық 445 сайлау учаскелерінің құрамын сайлауға кірісті.

Алайда Алматы қалалық маслихаты депутаттары әділетсіздіктің орын алуы мүмкін емес, біз барлық партиялардың да мүшелерін комиссияға кіргізуге дауыс беріп отырмыз деген ұстанымдарын білдірді. Дегенменде, оппозициялық партия өкілдері мұның нәтижесі басқаша болатынын айтады.

Алматы қалалық маслихаты аппаратының дерегінше, қала бойынша барлық деңгейдегі сайлау учаскелер саны 494. Оның 445-і төменгі деңгейдегі сайлау учаскелері болып саналады. Енді осы жергілікті сайлау комиссиялары құрамын 37 маслихат депутаттары анықтауда.

Олардың ойынша, бұған дейін өз мүшелерімізді өткізбей жатыр деген оппозициялық саяси күштердің өкпелері Алматы қаласы бойынша жүрмеуге тиіс дейді. Себебі, әділ тұрғыда дауыс берудеміз дейді олар.

Осындай көзқарастағы 17 округтен сайланған қалалық маслихат депутаты Абылайхан Саматдин учаскелік комиссия құрамдарын сайлауда барлық партия үміткерлеріне дауыс бергенін айтады.
XS
SM
MD
LG