Accessibility links

Ирақ бойынша АҚШ мен Британия ұсынған қаулы жобасы бүгін БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінде дауысқа түседі


Ирақ бойынша АҚШ мен Британия ұсынған қаулы жобасы бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауысқа түседі. АҚШ ның БҰҰ дағы елшісі Джон Негропонт Ирақтағы биліктің 30 маусымда Ирақ үкіметіне өтетіні жәйлі бұл қаулыны Қауіпсіздік Кеңесі қабылдар деген үмітте. Ирақ үкіметіне АҚШ бастаған одақтастар әскерінің операцияларына вето салу құқы берілсін деген Франция ұсынысы қаулы жобасына енбей қалды. Алайда бүгін Франция Қауіпсіздік Кеңесіндегі дауыс беруде бұл қаулыны қолдайтынын мәлімдеді. Қаулы жобасына қатысты Қытай пікірін бүгін Бежинде Қытай сыртқы істер министрінің өкілі Лю Джиянхао білдірді: "Алғашқы жобамен салыстырғанда біздің байқауымызша Ирақ бойынша бұ қаулы біраз жетілдірілген" деді Қытай сыртқы істер министрінің өкілі.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG