Accessibility links

Ирақтың саяси болашағы жөніндегі қара жобасына БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесі сейсенбіде кешке қарай дауыс беріп қалуы ықтимал.


БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесі кешке дейін, Прага уақытымен түнгі 11-ге қарай, Ирақтың болашағы жөніндегі қарарды түпкілікті қабылдауы мүмкін деген болжам бар. Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің айтуынша, соңғы қарар жобасы Ирақтың уақытша үкіметіне жеткілікті билік пен құзыр береді. БҰҰ-ң Ирақтағы бас өкілі Лахдар Брахими 30- маусымда қызметіне нақты кірісетін үкіметтің ең басты міндеті - елдің қауіпсіздігі мәселелерін шешу деп атап көрсеткен.

БҰҰ-ң Қауіпсзідік кеңесі Ирақ турасындағы шешімнің негізгі баптары, мәселері бойынша бүгін дауыс беріп қалуы әбден мүмкін. Ирақтың болшаағына қатысты шешім жобасының негізін жасаушы АҚШ пен Ұлыбритания 30- маусымда билік Ирақтың өз үкіметіне берілгеннен кейін де бұл елде қалатын Америка бастаған көпұлтты күштер мен Ирақтың қарулы күштері арасындағы үйлестіру мәселелерінің жақындай түскендігі айтылған дейді шешім жобасында.

Ирақтың уақытша басшылары коалиция күштері Ирақта қалып, қаңтар айында сайлаулар өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек берсін дегенді қалап отыр. Олар осылай дегенімен де, мұның өзі Ирақ егемендігіне нұқсан келтірмейтіндей, коалиция күштерінің қандай да бір әскери қимылы үкіметтің бақылауында болуы керек дегенді айтып отыр. Жобаға енгізілген соңғы өзгертулер жексенбі күні АҚШ-ң мемелекттік хатшысы Колин Пауелл мен Ирақтың премьер-министрі Ияд Аллауи жолдаған қауіпсіздік шараларына көбірек мән беру жөніндегі хаттарына сәйкес жасалған. Ол хаттарда Ирақ жетекшілері де, американдық қолбасшылар да, қауіпсіздікке қатысты, әсіресе нәзік те күрделі бір әскери шабуылдарға байланысты ұлттық қауіпсіздік комитетімен ақылдасып отыратын болсын делінген.

Шешім жобасына бұған дейінгі кіргізілген өзгерістер Ирақ үкіметіне АҚШ бастаған күштердің Ирақта қалуын сұрау хұқы берілген. Сондай-ақ онда шетелдік әскерлердің Ирақтан кету мерзімі 2006 жылдың қаңтар айы деп көрсетілген болатын.

Кеше кешкісін БҰҰ-ғы Германия елшісі Гюнтер Плеугер қарар жобасының ендігі мәтінін өте жақсы деп бағалаған.

-Менің байқауымша біз бір ортақ пікірге келдік. Жоба авторларымен кейбір аздаған қорытындылар бүгін кешке жасалуға тиіс. Дегенмен де, менің ойымша біз шешімге байланысты ертең дауыс беріп қаламыз деген үмітім бар,-деген сөзді елші кеше айтқан болатын.

Ал Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барнье болса бүгін өз елі жоба мәтініне толық қанағаттанған жоқ , дегенмен де оны жақтап дауыс беретін болармыз дегенді айтқан. Ресей преизденті Вл. Путин де шешім жобасына енгізілген өзгерістерді құптаған.

Шешімнің бұған дейінгі жобасына наразы болып, көңілдері толмаған елшілер онда Ирақтың тәулесіздігі анық көрініс таппаған деп сынаған болатын. Чили елшісі Херальдо Муноз кеше былай деп атап көрсеткен:

--Біздің сырттағы адамдар үшін атқарар күш-жігеріміз- бұрынғыдан бас тартатын, жаңаның бастауы екенін әркім-ақ түсінеді, міне дәл осыны шешімде көргіміз келеді, менің ойымша оны жасай алатындай кейбір белгілер бар,-деген Чилидің БҰҰ-ы елшісі.

Өткен түнгі талқылаулар алдында Лахдар Брахими БҰҰ-ы уақытша үкіметпен көп жұмыс жүргізді деп айтқан. Процесс өте күрделі еді және үміт те онша көп болмай тұрған, дегенмен де ендігі жерде Ирақта маңызды екі институттың негізі салынды: оның бірі- уақытша үкімет болса, екншісі - тәуелсіз сайлау комиссиясы деген. -Ирақ адамдары өздеріне еркіндік берілгенін қалайды, алайда мұнда алдамшы бір арман болмауы керек. Алдағы апталар мен айлар Ирақ үкіметін де, Ирақтың болашағы жөніндегі шешімді де қатаң сынға салады, одан өту үшін айлар емес, жылдар қажет болады,-дейді Лахдар Брахими. БҰҰ-ң Ирақта болған бас өкілі мұнымен қатар өзі кездесіп, әңгімелескен көптеген адамдардың сөздерінен шығатын қорытынды - тұрақсыздық мәселесін тек қана соғыс қимылдары арқылы шешудің қажет еместігі аңғарылды деген. Ол Ирақ үкіметі ендігі жерде елдегі көптеген мәселені саясатпен шешуге күш жұмсағаны абзал дегенді айтады.

Брахими сондау-ақ Ирақ милициясын тарату жөніндегі келісім туралы жаңалықты тұрғындар жылы қабылдады. Мұнымен бірге Абу-Ғрайб түрмесінде тұтқындардың ұсталу жағдайын өзгерту жөніндегі шаралар да өте маңызды, өйткені осы аталған абақтыда тұтқындарға қандай азап пен қорлау көрсетілгенін айғақтайтын суреттер Ирақ тұрғындарының жанын жаралағаны белгілі деген Лахдар Брахими.
XS
SM
MD
LG