Accessibility links

Қазақстанға атом электр стансасы қажет пе?

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мырзаның пікірінше, Қазақстанға атом электр станасын салу қажет. Парламент депутаттары болса Үкімет Балқаш өңірінде атом электр стансасын салу туралы заң жобасын дайындап жатыр деген қауесеттің барын айтып алаңдаушылық танытуда. Қазақстанда атом электр станасасын салу қауіпті екенін және Балқаш атом электр стансасының жобасы Ресейдің мүддесін көздейді деген пікірді айтушылар да бар.

Аталған атом электр стансасын салу туралы заң жобасы әзірге парламент қарауына түскен жоқ. Бірақ Парламент Мәжілісінің экология мәселелері және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің хатшысы Мырзагелді Кемел үкіметтік осындай заң жобасының дайындалып жатқаны туралы естігендерін және оған Парламент Мәжілісі депутаттары оң пікір білдірмей отырғанын айтады.

«Ескірген технология келе ме деген қауіпіміз бар. Өте қауіпсіз, ықшам жаңа технологияда жұмыс істейтін еуропалық атом электр стансаларының жобалары бар, ал бізге тықпыштап отырғандары Ресейдің 1960 жылдардағы жобасы. 1960 жылдардағы жобамен салынған Чернобыльдің жағдайы халықты шошытады» дейді депутат.

Депуттың пікірінше, мұндай заң жобалары болған күнде ол экологиялық сараптамадан өтуі қажет.

Сөз болып отырған мәселеге орай Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұстанымын білу мүмкін болмады. Ал, депутат Мырзагелді Кемел Қоршаған ортаны қорау министрлігі бұл мәселеге қарсы екендерін айтқан ал, жазба түрде не жазып бергенін білмеймін дейді.

Сенат депутаты Тасбай Симамбаевтың пікірінше, Қазақстанға атом электр стансасын салудың қажеті жоқ, одан басқа шешетін мәселе толып жатыр.

Ал, Сенаттың екінші бір депутаты Уәлихан Қайсаров Қазақстанға атом электр стансасы қажет. Себебі атомнан таза отын жоқ дейді.

Эколог Мэлс Елеусізов Қазақстанда атом электр стансасын салуға қарсы. Ресейге атом кешенін әр жерге тығу керек. Зауыт салса олардың кешені жұмыс істейді. Олардың ойынша, Балқаш ең жақсы жер. Біздің ойымызша, ол өте жаман жер дейді. Мэлс Елеусізовтің пікірінше, атом электр стансасын салудың кері әсері көп. «Стансаны салам деген жердің шытынаған жерлері бар. Жер сілкінсе атом стансасын жаруға мүмкіншілік.

Балқашқа өте зияны бар тағы бір жағы ол су тереңдігінің атяздығында. Ол 6 метр. Сол суды тез атомдық стансада суыту үшін көп су керек. Балқаш суы тез жылып кетеді. Ішіндегі балықтар қырылады» дейді.

Ал, Энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мырза болса атом электр стансасы бар ел ол басқа мемлекет. Оны салу керек. Қоғамның оған дайын болатынына үміттенемін деген ойынан қайтпай отыр.

Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің электр энергетикасы департаментінің директоры Несіпқұл Бертісбаевтің пікірінше, Балқашта атом электр стансасын салу әлі бір он жылсыз іске аспайды. Десе де парламент депутаттары мен эколог мамандар Қазақстанға атом электр стансасының қажеті қанша деген мәселені назардан тыс қалдырмай отыр.
XS
SM
MD
LG