Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ирақ егемендігін қамтамасыз ететін қаулы қабылдады.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесі Ирақ егемендігін қамтамасыз етіп Ирақтағы билікті Ирақ үкіметіне беретін қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Ирақтағы жағдай тұрақты бір арнаға түскенше АҚШ бастаған одақтастар әскері Ирақта қала бермек. Ол әскер операцияларын АҚШ әскери басшылығы мен Ирақ үкіметі бірлесе отырып шешетін болды.

БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесі Ирақ егемендігін қалыпқа келтіру жәйлі қаулы қабылдады. Бұл шешім 1546 шы қаулы деп аталады. Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесі соныңмен бұл шешім Ирақтағы басқыншылықтың аяқталып билікті жергілікті үкіметке берудің басы деді. АҚШ ның БҰҰ дағы елшісі Джон Негропонт:

"Бұ қаулы Ирақ егемендігінің қоспасыз қалыпқа келетінін Ирақ үкіметінің егеменді билігі болатынын анық көрсетіп отыр"

Іс жүзіндегі тәуелсіздік басқыншы әскердің Ирақ жерінен толық кеткеннен кейін қалыпқа келетіні аян. Сондықтан жаңа Ирақ үкіметімен болған келіссөз бойынша АҚШ бастаған одақтастар әскері Ирақта 2006 жылдың қаңтарына дейін қалатын болды. Алайда, қаулы бойынша Ирақ үкіметі қажет деп тапса ол мерзімнен бұрын да шетел әскерінің шығып кетуін талап ете алмақ. Қаулыға осы баптың енуін Францияның БҰҰ дағы елшісі елшісі Де Ла Саблиере де атап өтті:

"Бұл өте маңызды болды. Бұл Ирақ халқының саяси жағдайды қадағалауы үшін аса маңызды"

Ондай жағдайда жаңа қаулы бойынша Ирақ үкіметі мен Ирақтағы АҚШ әскери басшылығы келісіп отырып қимылдайтын болады деп көрсетілген. Осыған орай енді Ирақтың жаңа тағайындалған үкіметінің сыртқы істер министрі Хошияр Зебари жаңа қаулы Ирақтағы қауіпсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді деді. БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінің Ирақ бойынша бұл қаулысын АҚШ президенті Джордж Буш кеше қошеметпен қарсы алды.

"Бүгінгі БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі дауыс беру Ирақ халқының ұлы жеңісі болды." БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұл қабылдаған қаулысын Ресей президенті Владимир Путин де , Британия үкімет басы Тони Блэйр де зор қошеметпен қарсы алды. БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінің осы қаулысында Ирақ үкіметін федералды, демократиялық, біртұтас мемлекет құруға үндейді.
XS
SM
MD
LG