Accessibility links

Рональд Рейганның денесі бүгін Уашингтонға апарылады. Сенбі күні қаза болған 93 жасар бұрынғы АҚШ елбасымен 80 мыңнан аса адамдар қоштасып үлгерген.


Онымен қоштасу Капитолия жотасында болмақшы. Жұма күні болатын қоштасу рәсіміне әлемнің жүзден аса басшылары қатысатын болады. Одан кейін денесін жерге тапсыру үшін Калифорнияға отбасы мүшелері алып кетпекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG