Accessibility links

БҰҰның қару-жарақ бақылау тобы Ирақтағы егемендік орнату шараларында Қауіпсіздік кеңесінің араласуына үміт артады

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Ирақтағы егемендік басқару құқығын қайта орнатуға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында шешілмеген мәселенің бірі қару-жарақ тексеру тобының тағдыр-талайы екендігі белгілі. Бұл топқа Ирақтағы жаппай қырғын қаруларын тауып, зерттеу мәселесі жүктелген . Бірақ АҚШ жетекшілігіндегі одақтас күштер Ирақтың бұрыңғы жетекшісі Саддам Хұсейнді тақтан құлатқалы бері ол топтың жұмысы назардан тыс қалғандай.

Қауіпсіздік кеңесінен кейбір мүшелер қару-жарақ тексеу тобының Ираққа қайта оралуын қалайды. Себебі, олардың мол тәжрибесі Ирақта болашақта сондай бір тұрақты топ құруға мүмкіндік берген болар екен. Бірақ, АҚШ пен Ирақтың жаңа басшылары бұл аймақта БҰҰның тексеру, бақылаудағы рөлі жөнінде сөз қозғауға әле ертерек дегенді айтады.

Бұл арада бірден еске алатын бір негізгі нәрсе, соңғы 13 жылдан бері, Ирақ бойынша БҰҰның Қауіпсіздік кеңесінің қарарларында ерекше назар аударылған жағдай - бұл жаппай қырғын қарулары болатын. Бірақ, таңқаларлығы, Ирақ егемендігін қайта тіктеу мәселесіне келгенде ол жөнінде жеткілікті назар аударылмаған. Дегенмен, сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған шешімде Кеңестің қару-жарақ тексеру, бақылау тобы мен Халықаралық Атом қуаты агенттігіне қайта оралуы мәселесі де қарастырылыпты.

Кеңестің бұл соңғы қарарында БҰҰ қару-жарақ тексеру тобының Ирақтағы өз жұмысын одан әрі жалғастыруын Ресей, әрине, қалайтын түрі бар. Бірақ, АҚШ пен Ирақтың өтпелі кезең кезіндегі жетекшілері бұл шараға әзірше ынталы еместей. Оны Ирақтағы АҚШ бастаған зерттеу тобы, ол аймақтағы хим-биологиялық, ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламасының одан әрі тексеріліп, талданып, зерттелуімен байланыстырады.

Халықаралық топ өкілі Бухананның айтуынша, Кеңес осы кезге дейін, Саддамға тиесілі жойқын қарулардың мәселесін шешуді агенттіктің күн тәртібінен түсірмепті. Бірақ бақылау тобы әліге дейін, Ирақтағы ондай қарулар жөнінде ешқандай куәлік, дерек-мәліметке ие емес.

- Ирақтағы зерттеу тобы және өзіміз жинақтаған деректер де бұрыңғы жағдайға өзгеріс келтіре алмайды. Сондықтан сұрақтар өте көп, - дейді Бұханан.

Бухананның айтуынша, Ирақтағы зерттеу тобымен БҰҰ қару-жарақ тобының арасында ешқандай қызметтік байланыс болмаған. Ал бірақ, БҰҰ миссиясындағы сарапшылар саны 50 шақты екен. Ол топ Ирақтағы түрлі бағдарламаны зерттеп тарихи маңызға ие жаңалықтарды ашуы мүмкін, дейді Ивен Буханан.

Ал әзірше, халықаралық топтың басын айландыру үшін Ирақтық бақылаушылардың түрлі айла-шарғыларға барып жатқандығын да Буханан жақсы білеміз дейді.

Вашингтондағы Халықаралық бейбітшілік Карнеги институтындағы сарапшылардың топшылауынша, әсіресе биологиялық қаруларды қайта қарау, тексеру кезінде БҰҰның қару-жарақ тексеру тобының алар орны ерекше болмақ. Ал бұл арада, маусымның 9-ы сәрсенбіде, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі, жабық есік жағдайында, Қару-жарақ тексеру тобының соңғы есебін тыңдап, жұмыс нәтижесін талқыламақ.
XS
SM
MD
LG