Accessibility links

Рахметолла Қыдырбеков: «Қазақстанда тұрғаннан кейін біздің тілімізді, мәдениетімізді сыйлауға тиісті»

  • Айнагүл САҒДИ

10 маусым күні Астана көшелерінің біраз бөлігінде көліктер қозғалысына шектеу қойылып, мерекелік шеру ұйымдастырылды. Мерекені тойлап жүрген Астана тұрғындары мен қонақтары халықты мерекемен құттықтап, биылғы Қазақстандағы Ресей жылына орай Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының арқасында экономикамыз нығайып, саяси, мәдени байланыстар жанана түседі деген сенім білдіре отырып, мемлекеттік тіл міселесіне қатысты өз ойларын айтты. «Қазақстанда тұрғаннан кейін біздің тілімізді, мәдениетімізді сыйлауға тиісті, мемлекеттік тілген деген бетбұрыс болу керек», - дейді Рахметолла Қыдырбеков.

«Былтыр Ресейде Қазақстан жылы болып, қажетті түйткілді мәселелердің шешімі табылғандай еді», - дегенді айтады саясаткерлер. Ал биылғы Ресей жылы Қазақстан халқына не береді? «Екі ел арасында «мың жылдық дос боламыз деген» келісімшарт бар. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша жағдай оңай емес, мұндай кезде халықтар бірлігі керек. Сол себептен де Ресей мен Қазақстанның тарихи достығы бар, соны нығайтып, бірлесе жұмыс атқарғанымыз дұрыс болады. Әрине, әлі де шешілмей жатқан мәселелер жетерлік, тауар айналымын жандандыруымыз керек, темір жол, электр тарифтері жөнінде келісімге келуіміз керек», - дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Тасбай Симамбаев.

«Ресейсіз Қазақстанның күні жоқ деп айту қиын, алайда Қазақстанның дамуына Ресей үлес қосып келеді. Оқу-білім саласындағы жетістіктер, мәдени байланыс артып, тарихи достығымыз нығая түседі», деді Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаты Мақтай Сағдиев.

Биыл Ресейдің Қазақстандағы жылына орай Астана күнімен қатар Мәскеудің мәдени күндері өтуде. Аталған екі мерекені тойлау үшін Астанаға арнайы келген Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужков екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени байланыстардың артып келе жатқандығын айтып, достықтың нағая беретіндігіне сенім білдірді.
XS
SM
MD
LG