Accessibility links

Ежелден келе жатқан ескерткіштер қараусыз қалып отыр


Алматы облысы Капшагай қаласының прокуратура қызметкерлері Тамғалы-Тас шатқылында орналасқан Будда ескерткішіне зақымды кім тигізгенін зерттеп жатыр. Бұл туралы маусымның 10 күні Қапшағай қаласының прокуратура қызметкерлері жариялады. Мамандардың айтуынша, өткен аптада белгісіз біреулер жартасқа салынған Будданың сүретін атқылаған, нәтижесінде 13-ші ғасырдан бері келе жатқан тарихи ескерткішке зақым тиген.

Алматы облысы Тамғалы-Тас шатқалындағы жар тасқа суреті салынған 5 Будданың біреуінің бетіне зақым келген. Белгісіз біреулер 13 ғасырдан келе жатқан ескерткіштің бір бөлігін жойған. Қапшағай қаласының прокуроры Сәлімбай Шуниевтың айтуынша, қазіргі кезде бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Cәлімбай Шуниев, Қапшағай қаласының прокуроры:

-Бұл тексеру жұмыстары бір айға созылуы мүмкін, бірақ кінәлі адамдарды тапсақ бір айға созбай, қылмыстық іс қозғай береміз.

Мамандардың айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын белгісіз біреулер жар тасқа салынған Будданың қолын жойып кеткен. Енді Тамғалы-Тас шатқалына келгендердің біреуі Будданын бетін мылтықпен атып, тарихи ескеткішке зақым тигізіп отыр. Оқиға орын алған жерге арнайы құрылған комиссия келген. Бұл комиссияға мүше, эколог маман Мэлс Елеусізов болашақта Будда ескеткіші мүлдем жойылып кетпеу үшін, бұл ескерткіштерді қорғап отыру керек, дегенді айтты.

Мэлс Елеусізов, эколог:

-Арнайы құрылған комиссия Алматы облысы әкіміне хат жазды, енді әкім қандай жауап беретінін күтіп отырмыз. Негізінен, бұл ескерткіштерді қорғап отыратын күзетшілер керек, ол үшін мемлекет тарапынан ақша бөлінуі қажет.

Мамандар ежелден келе жатқан ескерткішті сақтап қалу үшін, бұл жерлерді күзеті керек десе, қарапайым қазақстандықтар болашақта мұндай жағдай орын алмас үшін, арнайы насихат жүргізу керек, дегенді айтады. Қарапайым қазақстандықтар:

-Қазіргі кезде кейбір азаматтар тарихи ескерткіштен бұрын мазарларға зақым тигізеді, бұл енді дұрыс емес. Менің пікірімше, мұндай іске өз тарихын силамаған адамдар барады.

-Менің пікірімше, мұндай қылмысқа баратын адамдар болашағын ойлаудан қалған. Тарихи ескерткіштерге тисуге болмайды ғой, себебі бұл қасиетті дүние.

-Тарихи ескерткіштерді қорғамай, жерлігілікті билік қайда қарап отыр, олар осы мәселені шешіп, ойластырып отыруы керек емес, пе?

Капшағай қаласының әкімшілігінің қызметкерлері болашақта Тамғалы–Тас шатқалындағы ескерткіштерге зақым тигізілмейді дегенді айтып отыр. Себебі біз бұл жерге күзетшілерді қоямыз,- дейді Капшағай қаласы әкімшілігінің өкілі Адам Бойсаев.

Оқиға орын алған жерде болған мамандардың бір бөлігі ақша болса, ескерткіштің зақым тиген жерлерін жөндеуге болады дегенді айтады, мамандардың екіншілі бөлігі бұл мүмкін емес деген ойда.Әдебиет танушы маман Айгүл Кемелбаева болса, қазақстандықтардың ежелден келе жатқан құнды дүниелерді қорғамай отырғанына, өкінішін білдіретінін айтты.

Айгүл Кемельбаева, жазушы:

-Бұл көне заманнан келе жатқан дүние, оны біз қорғап қалуымыз керек.Мұндай ескерткішті көптеген мемлекеттерде кездестіруге болады, бірақ қазақ даласында мұндай ескерткіш ерекше көп, деп айтуға болады.
XS
SM
MD
LG