Accessibility links

Қазақстан бойынша алғашқы біріңғай тестілеу сынағы басталды


Ресми дерек көздерінің мәліметіне қарағанда, бейсенбі күні болатын Қазақстанның 14 облысы мен Алматы қаласында біріңғай ұлттық тестілеу сынағын өткізудің 49 пунктінде алғашқы тестілеуге 28830 мектеп бітіуші қатысады деп жоспарланған. Бұл біріңғай тестілеуге тілек білдірген мектеп бітірушілердің 16 %-ы. Ал Қазақстан бойынша барлығы 179875 талапкер яғни мектеп бітірушілердің 76,6 %-ы қатысады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде біріңғай тестілеуді жүзгізу жүйесі комиссиясының төрағасы Аманжол Ахмет мырзаның айтуынша, аталған оқу орнында бейсенбі күні 1114 мектеп бітіруші тест тапсырды. -Тестілеу өткеннен кейін талапкерге 3 күннің ішінде білім сертификаты беріледі. Сол сертификатпен талапкер өзі қалаған оқу орнына оқуға түсу құқығына ие болады.

Аманжол Ахмет мырзаның айтуынша, талапкер білімін тест арқылы саралауда Қазақстанның 5 жылдық тәжірибесі бар. Тест жүйесіне деген халықтың да сенімі ұлғайды. Сондықтан да біріңғай тестілеу жүйесі заман талабы екендігі дау тудырмайды. Осы орайда біздер балаларына сәттілік тілеп, көңілдері күпті болып отырған ата-аналарды сөзге тартқан едік.

Бірінші ата-ана:

-Өз басым біртұтас тестілеу жүйесіне көңілім толады. Баланың 11 жыл бойы алған білімін белгілі бір жүйеде көрсете алуына мүмкіндік ашылады.

Екінші ата-ана:

-Негізі бұл дұрыс емес. Мен қарсымын балаларды еш дайындықсыз әкеліп бәйгеге қосқандай қосып жіберді. Жоғарғы жақта отырғындар не ойлап отырғанын білмеймін. Бала ойдағыдай тапсыра алмай қалды. Сонда оның болашағы не болады? Ол жағын ойлап жатқан кім бар?

Үшінші ата-ана:

-Мен сыбайластықтың жолы кесілетін болады деп ойлаймын. Былтырлар талапты балалар жолда қалды ғой. Енді оған жол берілмейді. Біздер сынақтан шықққан талапкерлерді де сөзге тартқан едік.

Бірінші талапкер:

-Бәрі де ойдағыдай өтті деп ойлаймын. Сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес келді. Жоғары ұпай аламын деп үміттенемін.

Екінші талапкер:

-Қисынсыз сұрақтар да кездесті. Өз басым сонда қиналдым. Қорытындысы қалай болатыны құдай біледі.
XS
SM
MD
LG