Accessibility links

Роналд Рейган – қарапайымдық дарыған азамат, бірақ бұрыңғы советтік аймақтағы еркіндік үшін аса үлкен қосқан әлемдік деңгейдегі қайраткер


АҚШтың 40шы президенті, марқұм Роналд Рейганның денесі сәрсенбіден бері АҚШ астанасы Вашингтондағы Капитолийге жұртпен соңғы рет қоштасуға қойылған. Салтанатты жаназа рәсімінен кейін оны өзінің туған жері Лос Анджелеске алып барып, Рейган кітапханасы жайғасқан аумақ маңайына жерлемек. Ал бұл азалы күндері Шығыс Еуропа мен бұрыңғы советтік аймақ елдерінде, марқұм президенттің АҚШтың әкімшілік жетекшілігі кезінде әлемдік демократия және ел азаттығы, еркіндігі үшін жасаған ерлік еңбектері, саясат әлеміндегі қайраткерлігі, батыл әрекеттері жөнінде сағыныштық сезіммен еске алуда.

Талдаушылар, саясаткерлердің бір ауыздан келісе айтуынша, бұрыңғы актер, кейіннен АҚШты 8 жыл басқарған президент Рейганның халықаралық деңгейдегі еңбектері бір төбе болса, ол кездегі алапат советтік империяның күйреуіне өзінің ерекше дерлік үлес қосуы өз алдына бір үлкен ерлік еді.

Роналд Рейган бүкіл Шығыс Еуропада коммунистік жүйеге қарсы толқулар, төңкеріс дерлік көтерілістер басталып, Советтік одақтың құлауы алдында, 1989 -жылы президенттік 2 мерзімін табыспен аяқтаған болатын. 1981-жылы Рейган президенттік таққа жаңадан отырған кезде АҚШқа қоныс аударған саяси сала бойынша шолушы Иржи Пехе кейінірек, Чехияға қайтып келіп, бұрыңғы диссидент, кейінгі президент Вацлав Хавелге бас кеңесші болған. Міне сол Пехе президент Рейганның рухани мұрасы жөнінде былай дейді.

- Меніңше, Рейганға қаншама мақтау айтса да аз, ол үлкен құрметке лайық. Рейган Советтік одақтың өте әлсіз держава екендігін сезе білді. Экономикалық салада АҚШ және Батыс пен екі арадағы бәсекеде СССРдің жеңілгендігін анық көрді. АҚШ егерде қару-жараққа қажетті қаржыны ұлғайтар болса онда Совет одағының тіптен ілесе алмай қалатындығын да Рейган жақсы түсінген болатын дейді, - Чехиялық шолушы.

Рейган Советтік империяның жауыздық жүйесін жойып, бодандық деңгейіндегі Еуропа елдерін коммунистік бұғаудан тезірек бостандыққа шығару қажет деген философияны ұстанды, дейді Пехе.

- Батыстағы көптеген халық қаншама терең білімді болғанымен, коммунистік жүйенің коррупцияға белшесінен батқанын, ол жүйенің жауыздығын кеш түсінді, - дейді Пехе.

Рейганның шешімді көзғарасы өзге аймақтағы, мысалы, бұрыңғы Чехословакиядағы Вацлав Хавел және Польшадағы Лех Валеса сықылды саяси диссидент жетекшілерге рухани қолдау, медеу болды.

Литва елінің тәуелсіздігі үшін белсенділікпен күрескен жетекші Витаутас Ландсбергис тілшімізге, Литва елі президент Рейганға жасаған игілігі үшін борыштар деген.

- Роналд Рейган - ұлы адам, әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткері еді. Ол бодандықтағы елдерге еркіндік алып беруге үлкен үлес қосты. Рейган бүкіл әлемді өзгертіп жіберді. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз, - дейді Литвалық бұрыңғы елбасы.

Доналд Рейганның қазасына орай, АҚШқа бүкіл әлем елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан да оған деген ризашылық сөздері тез тарады.

Роналд Рейген өз президенттігі кезінде 4 бірдей Советтік басшыны көрген. Бірақ жалғыз ғана Михаил Горбачев пен ғана өзараүсіністік табуға қол жеткізген. Кеңестік одақтың ең соңғы жетекшісі Горбачев та Рейганның қазасына орай, оған кешту болса да , жоғары баға беріп, Қырғи қабақ соғысының аяқталуына орасан зор қосқан әлемдік деңгейдегі елбасы және саясаткер еді деп өзінің жүрек жарды сөзін айтқан.
XS
SM
MD
LG