Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақмыс» шахтасы опырылып, 5 адам опат болды.


Шығыс Қазақстан облысының Глубокий ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясының нөмірі 1121- ші кеніші 9 маусым күні кешкісін ортасына опырылып түсіп, соның салдарынан бес адам опат болды. Жұма күні аталған оқиға орын алған жерде мемлекеттік комиссия жұмысқа кірісті.

Бұл жыл басынан бергі кеніштегі үшінші қайғылы оқиға екен. Сөйтіп, барлығын қосқанда 7 адам қайтыс болған. Ал ҚР бас еңбек инспекторының мәліметінше, осындай жағдайлармен соңғы бес айда республика бойынша 115 адам опат болған.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокий ауданында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясының нөмірі 1121- ші кенішіндегі орын алған қайғылы оқиғаға орай мамандар бұл техникалық қауіпсіздік ережесін өрескел бұзып, оны сақтамаудан туындаған жағдай деген пікір білдіріп отыр. Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының төтенше жағдайды алдын алу бөлімінің бастығы Қизат Қыстаубаев та бұл болжамды растап отыр.

Ал ҚР бас еңбек инспекторы Серікқали Бисеқаев бұл жағдайдың анық- қанығын іске кіріскен комиссия анықтай жатар, алайда оқиғаның тағы да қайғылы жағдайға апарып соғуына «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы кінәлі екені даусыз деген пікірін жеткізді. Себебі, бұндай жайсыз жағдайлар аталған мекеме басқаратын шахтада соңғы кезде өте жиілеп кеткенін айтады.

Алайда осы көзқарасқа орай «Қазақмыс» корпорациясының бас кеңсесіне хабарласқанымызда мекеменің өндіріс жөніндегі директоры Виктор Васелиевич: «Оқиғаны тексеріп жатқан комиссия бір қорытындыға келмей жатып қандайда бір болжам жасауға болмайды. Сондықтан мен ешқандай да пікір айта алмаймын» дейді ол.

Жалпы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты осы кеніштердің тіреулері баяғыда-ақ тозғаны жайлы дабыл әлденеше рет көтерілген дейді ҚР бас еңбек иниспекторы Серікқали Омарұлы. Ол енді жөнделе қоймағандықтан нәтижесінде араға ай салмай біртіндеп опырыла бастаған.

Соның салдарынан кеше ғана бес адам көз жұмса, бір адам ғайыптан аман қалған. Мұндай жағдайлар республиканың басқа да өндіріс орындарында өкінішке орай орын алып келеді дейді республиканың бас еңбек инспекторы.

Сөйтіп, енді бұл оқиғаны тексеруге кіріскен комиссия шешімді он күннен кейін шығаратын болады.
XS
SM
MD
LG