Accessibility links

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Тұрдықұл Бутояровты, екі ел арасындағы адам өліміне байланысты болған оқиғаны талдауға шақырды.


Маусымның 1- і күні 27 жастағы Нұржігіт Поданов Өзбекстан республикасының « Майский» шекаралық бекетінде шекарашы атқан оқтан қаза болғаны жөнінде «Азаттықтың» өткен хабарларында айтқан болатынбыз. Қайғылы оқиғаны талдау үшін Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Тұрдықұл Бутояров, маусым айының 10-ы күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне шақырылған болатын. Қазақстан жағы Өзбекстан шекарашыларының әрекеті заңды болған деген мәлімдеумен келіспейтіндігін айтып отыр.

Өзбекстан Республикасының елшілігіне хабарласқанымызда, елшіліктің бірінші хатшысы Акмаль Хакимов Өзбекстан өз жағынан тиісті нота жібергенін айтып, алайда онда не жайлы айтылғанын түсіндірмеді. Ал Оңтүстік- Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Кеңес Исмайлов көп жерде шекара маңындағы тұрғындардың шекара ережелерін білмейтінін айтып отыр.Оның айтуынша кей тұрғындар шекара бағаналарына есек немесе басқа да малдарын байлап қоятын көрінеді.Маусымның 10- ы күні Ташкент қаласында екі ел өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік шекараны белгілеу жөнінде кезекті отырысы басталды
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG