Accessibility links

Түркия 4 күрд белсендісін түрмеден шығарды


Түркия түрмеде отырған 4 күрд белсендісін бостандыққа шығарды. Оның ішінде бір Нобелдік сыйлық иегері де бар. Бұл қадамды Еуроодақ демократия мен адам құқын құрметтеуге қарай қозғалыс зор қошеметпен қарсы алды. Түркия үкіметі сондай-ақ тұңғыш рет күрд тілінде телеарна ашты. Бұның бәрі Түркияны Еуроодаққа қабылдау не қабылдамау мәселесі Еуроодақта қаралар қарсаңында жасалынып отыр. Енді әріптесіміз С.Е. дайындаған хабарда бұ жәйлі толығырақ әңгіме болады.

Анкараның Ұлыжанлар абақтысынан сәрсенбі күні бостандыққа шыққан кезде Нобелдік сыйлық иегері күрд белсендісі Лейла Зана ханым "Бұл елде жаңа дәуір басталды, жаңа тарих парағы ашылды" деп мәлімдеді. Лейла Зана ханыммен бірген түрмеден тағы да 3 күрд белсендісі босатылған еді. Олардың бәрі де кәсіби күрд заңгерлері. Олар түрмеде он жыл отырып шықты. Оларға кезінде күрд көтерілісшілерімен байланыста болды деген айып тағылып 15 жыл абақтыға жабылған. Еуроодақ ресмилері және құқық қорғау ұйымдары кезінде осынау күрд белсенділері түрмеге жазықсыз отырғызылды деп тапқан болатын. Сәрсенбі күні Еуроодақтың кеңею комиссары Гунтер Вергеуген күрд белсенділерінің бостандыққа шығарылуы Еуроодаққа кірер жолдағы Түркияның алға жылжуы деді. Ал, Түркия әділет министрі Жемил Жижек болса "Бұл Түркияның Еуроодаққа өтуін қаламайтындар қолындағы соңғы көзір болған еді" деді.

Римдегі халықаралық қатынастар институтының маманы Жан-Пиер Дарнис:

"Бұл шынында да адам құқын құрметтеудегі аса маңызды нышан. Түркияның Еуроодақ талабына сай келетін саясат жүргізе бастауының белгісі" Осынау 4 күрд белсендісі абақтыдан шығар алдында бірнеше сағат бұрын Түркияда тұнғыш күрд тілді телеарна эфирге шыққан болатын. Бұрын Түркияда күрд тілді телеарнаға тиым салынып келген. 1991 жылға дейін тіпті Түркияда күрд тілінде сөйлеудің өзі заңнан тыс деп жарияланған. Түркия үкіметі күрд көтерілісшілерімен 15 жыл күрес жүргізді. Ол шайқастарда 37 мың кісі опат болды. Оның дені күрдтер еді. Түрік үкіметі күрд тілінде радиотеле арналар ашу күрд жікшілідігін өршітеді деп сескенді.

Нобелдік сыйлық иегері Лейла Зана ханым қалай түрмеге жабылды дегенге келер болсақ 1991 жылы депутат болып сайланып ол депутатар алдында ант қабылдаған кезде күрд көтерілішілерінің жалауы тәрізді сары қызыл жасыл жолақты орамал тартып шығып тиым салынған күрд тілінде сөз сөйледі. Бұл заңгерлердің ашу-ызасын қайнатты. Лейла Зана ханым айналып келгенде көтерілісші күрдтерді қолдайды деп табылып абақтыға жабылды. Тағы да Римдік талдаушы Жан Де Дарнистің пікіріне жүгінелік:

"Егер Түркия адам құқын қорғау , әділет және әскерилерге берілген билік саласын реформалар болса онда бұл сөз жоқ үлкен шаруа болмақ" Түркия үкіметі күрд көсемі Абдолла Оджаланды тұтқындап түрмеге жапқаннан кейін күрд көтерілісшілері атысты тоқтатқаны аян. Алайда күрд көтерілісшілері жуырда ол келісімнің мерзімі өтті деп жариялады. Ал, осы сәрсенбі күні болса Түркия түстігінде орын алған қақтығыста Түркия әскері 3 күрд көтерілісшісін өлтірді.
XS
SM
MD
LG