Accessibility links

ҚДТ партиясы саяси кеңесінің мүшелері өз партиялары атынан Әкежан Қажыгелдинге хаттың жолданған жолданбағандығын айта алмай отыр


Маусым айының 11-і күні “Навигатор” интернет газетінде Әкежен Қажыгелдиннің Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық партиясының саяси кеңесі мүшелері өкілдеріне жолдаған хаты жарияланды. Хатта Әкежан Қажыгелдин өзіне Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық партиясы өкілдерінің сенім білдіріп, Қазақстандағы оппозициялық партиялардың сайлау алдындағы мақсаттары жөнінде ақылдасу үшін хат жолдағандарына алғыс айта келіп, өз хатын сәл кешіктіріп жазып отырғандығын айтады.

Өз хатын Әкежан Қажыгелдин сайлау алдындағы оппозициялық күштердің негізгі ұраны “Қазақгейт” болу керек. Елдегі төменгі зейнетақы, тұманды ипотека т.б мәселелер “Қазақгейт” шатағының қасында түкке тұрмайды. Себебі, билік басында жемқорлықты өсіріп, өз халқын, өз елін тонап жатқандар ертеңгі сайлауда халықты алдаумен, арбаумен билік басына қайта келмекші. Сондықтан Қазақстандағы оппозициялық күштер бірігіп, осындай заңсыздықтарға кесе көлденең тұруымыз керек,- деп бастайды. Қазақстандағы коррупцияның шарықтау шегі болып отырған “Қазақгейт” шатағын сайлауды пайдаланып баса айтуымыз керек. Билік тарапынан оппозициялық күштерге сайлауға қатысуға ашық түрде мүмкіншілік берілмейтін болса, сондай-ақ оппозиция өкілдері дауысқа түскен сайлау учаскелерінде электронды жүйе пайдаланатын болса ол сайлаудан не пайда? Сайлауда демократиялық бағыттағы партия өкілдерінің құқықтары тапталатын болса сайлауға қарсы наразылық яғни бойкот жариялау керек. Әрине бұл мәселеде барлық оппозициялық партиялар біріге отырып, ақылдасып, кеңесіп, келісіп алғандары жөн,- дейді өз хатында Әкежан Қажыгелдин.

Осы мәселеге байланысты біздер Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық партиясының төрағасы Асылбек Қожахметовке хабараласқанымызда ол кісі іссапарда болып шықты. Аталған партияның саяси кеңесі мүшесі Маржан Аспандиярованың пікірі мынадай болып шықты.

-Партияның саяси кеңес мүшелері хаттың Әкежан Мағжанұлына қалай барғанын білмей, анық айта алмай отыр. Хатты “Навигатор” сайтынан оқыдым. Парламенттік сайлаудың қарсаңында елімізде демократиялық, оппозициялық қағиданы ұстанатын саяси партияларды бірлікке шақырған ұсынысты мен өзім дұрыс деп қабылдаймын.

Ал Әкежан Қажыгелдиннің сенімді өкілі Ермұрат Бапи болса Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық партиясы саяси кеңесі мүшелері өкілдерінің хатын Әкежан Қажыгелдинге өз қолыммен жөнелттім, - дегенді айтады.

-Бір жарым айдай бұрын сайлау алдында біріккен саяси блок құрамыз ба, сіздің осы тұрғыдағы ойыңыз қандай?- деп Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық партиясы өкілдерінің жазған шағын хатын мен өз қолыммен Әкежан Қажыгелдинге жолдап жіберген болатынмын. Ол кісінің елдегі сайлау қарсаңында өзінің пікірін білдіріп, хат жазуын дұрыс деп ойлаймын.

Сондай-ақ Ермұрат Бапи Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық партиясы өкілдері аталған хатты басқа да оппозициялық бағыттағы партияларға жолдаған болатын,- дейді. Ал Маржан Аспандиярова болса хаттың басқа партияларға жолданған, жолданбағандығынан хабарсызбын,- дейді. -Одан менің ешқандай хабарым жоқ.

Осы мәселеге байланысты Коммунистік партияның жетекшісі Серікболсын Әбділдинге хабарласып, ой-пікірін білген едік. Ол өздерінің Қазақстанның Демократиялық Таңдауы Халықтық париясы өкілдерінен ешқандай хат алған жоқпыз. Оппозициялық күштерді біріктіру мәселесін мен баяғыдан айтып жүрмін дейді.

-Әрқайсысы жеңіске жетемін деген оймен бірікпеді. “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Әлихан Бәйменов мырза болса өз пікірін білдіруден бас тартты.

-Мен жиналыс өткізіп жатырмын. Кейін хабарласыңыз. Саясаткер Болат Тілепов Қазақстанның оппозициялық партия өкілдерінің ешқайсысы да сайлауға бойкот жарияламайды,- дейді.

-Өйткені бойкот жариялаймыз деген “Ақ жол” партиясының өздері сайлау алдындағы жұмыстарын бастап кетті. Оппозициялық партиялардың наразылық жасаймыз дегендері билікке көрсеткен бір қыры деуге болады.

Сондықтан оппозициялық бағыттағы партиялар сайлау алдында бірігуі мүмкін, бірақ ол бірігу ұзаққа бармайды,- дейді саясаткер Болат Тілепов
XS
SM
MD
LG