Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы мен президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Ирақтағы лаңкестік шабуылдар елдегі билікті 30 маусымда өз құзырына алтын жаңа үкіметтің сағын сындыруды көздейді деп мәлімдеуде.


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл мен президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Кондолиза Райс Вашингтонда Ирақтағы лаңкестік шабуылдар елдегі билікті 30 маусымда өз құзырына алғалы отырған жаңа үкіметтің сағын сындыруды көздейді деп мәлімдеді. Бағдад түбіндегі әскери АҚШ базасының жанындағы бомба орнатылған автокөліктің кешегі жарылысынан соңғы дерек бойынша 12 адам мерт болды. Жексенбі күні, сондай-ақ, Бағдад іргесінде АҚШ-тың жауынгері қаза болып, екеуі жараланды. Білім беру министрлігінің жоғары лауазымды өкілі оққа ұшып, сенбі күні сыртқы істер министрінің орынбасары мерт болды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG