Accessibility links

Орталық Азия елдері ынтымақтасып, әлемге кіріуі жағынан кешеуілдеуде дейді кейбір сарапшылар.

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Жыл сайынғы «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен аймақтық ынтымақтастық мәселелері» жөніндегі екінші рет өтіп отырған Алматы конференциясына қатысушы сарапшылар Орталық Азия аймағындағы елдердің өзара интеграциялық қарым-қатынасы тұрғысынан болсын, біртұтас аймақ ретіндегі әлемдік қауымдастыққа кірігуі жағынан болсын батыл қадамдарға бара алмай отырғанын айтып отыр. Соның салдары аталған аймақтағы соңғы кездердегі өзара түсініспеушіліктерді туғызып жатыр дейді олар.

Ф. Эберт қорының Орталық Азия жобаларының үйлестірушісі Райнхард Крумм: «Орталық Азиядағы елдер өзара интеграция қажеттігін біледі. Бірақ, қалай, қайтіп және оны кім бастау қажеттігі мен оның жүзеге асу механизмі нендей екені белгісіз қалып отыр. Прибалтика елдері өздері шағын да болса бірігіп, әлемдік қауымдастыққа деген ұмтылыстары қарқынды. Ал, Орталық Азия елдері бұл ретте артта қалып келеді»- дейді.

Бұл пікірді ҚР президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Мәулен Әшімбаев та қолдай отырып, бұл басқосуға Өзбекстан жағынан шақырылған ресми адамдардың келмей қалуының өзіндік себептері екі ел арасындағы байланыстарға әсер ете қоймаға тиіс деген пікірін жеткізді.

Алайда, Джон Хопкинс университеті Орталық Азия және Кавказ институтының директоры, профессор Фредрик Стар нақты деректер бойынша Орталық Азия қарыштап даму үстінде дейді. Ол бұл ақпаратты Азия даму банкінің соңғы дерегі бойынша айтып отырғанын жеткізді. Онда Азия бойынша Орталық Азия елдері қатты дамып бара жатқаны турасында дерек бар екен.

Ал Қырғызстандық сарапшы маман Марат Жанчиев Орталық Азия елдері енді ғана экономикалық жағынан нақты қарым-қатынастарға қол жеткізе бастады дейді.

Бұл басқосуға қатысушылар өздері талқылаған барлық өзекті мәселелерді Орталық Азия елдері басшылығының назарларына ұсынатындықтарын жеткізді.
XS
SM
MD
LG