Accessibility links

Ыстамбулда Ислам Конференциясы ұйымының бас қосуы өтіп жатыр.


Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бас қосуының Истамбұлда өтіп жатқанына бүгін екінші күн. Күн тәртібінде Ирақ мәселесі. Кеше Ирақтың уақытша үкіметін қолдау жөнінде Конференция қаулысы талқыға түсті. Конференцияда БҰҰ ның Ирақ бойынша өкілі Лағдар Брахими бұл ұйымға мүше елдерді Ирақтың уақытша үкіметін қолдауға шақырды. Бас қосуда Ислам Конференциясы Ұйымының хатшысы Абделвахед Белкезиз ислам әлемінің артта қалушылығын өткір сынға алды. Содан туындайтын діни ұрыншақтық яғни экстремизмді де өлтіре сынады.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG