Accessibility links

Израил салынып жатқан қабырғаға қатысты жаңа Палестин жерлерін тәркілеуге бұйырды.


Израил салып жатқан даулы қабырғаға қатысты Палестин жерлерін тәркілеуге бұйрық берді. Соңғы тәркіленген Палестина жері Батыс жағалаудың Ариел атты елді мекені маңы болды. Палестина басшылығы Израилдың бұл жер басып алу қадамын айыптады. Израил жағы болса бұл қабырға Палестина жанкештілерінен Израилды сақтау үшін қажет дейді.

Бүгін Газа секторының Нетзарим елді мекенінде Израил солдаттары еврей қоныстанушыларына қарай беттеген күдікті аутокөлікті атқылады, аутокөліктегі бомба қопарылып жүргізуші опат болды.
XS
SM
MD
LG