Accessibility links

Ирақ үкімет басы Саддам Хұсейн Ирақтың уақытша үкіметінің қарауына берілетін болды деді.


Ирақ үкімет басы Лияд Аллави АҚШ Ирақтың бұрынғы басшысы Саддам Хұсейнді Ирақ уақытша үкіметінің қарауына беретін болды деді. Бұл оқиға Ирақ егемендігі Ирақ үкіметінің қолына өткеннен кейін екі аптадан кейін жүзеге асады деді. Кеше араб тіліндегі Ал-Жазира телеарнасына берген интервьюінде Аллави Саддам Хұсейн Ирақ үкіметінің қарауына өткеннен кейін іле-шала көп күттірмей оның үстінен сот үдерісі де басталады деді:

"Саддамның соты көп ұзамай басталады. Оны Ирақ үкіметіне өткізу ашық түрде өтеді. Саддам Ирақ үкіметінің қарауына беріледі."

Алайда өз атын атамауды өтінген Пентагон ресмилері АҚШ ның Саддам Хұсейнді Ирақ үкіметінің қолына бергелі жатқаны жөнінде біз хабардар емеспіз деді. Бағдадта АҚШ әскерінің полковнигі Барри Джонсон 1400 дей Ирақ тұтқыны босатылады, не Ирақ үкіметінің қарауына беріледі, ал, 5000 Ирақ тұтқыны болса Ирақтағы АҚШ түрмелерінде қала береді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG