Accessibility links

АҚШ-тың бұрынғы дипломаттары мен әскери басшылары қазіргі елбасы Бушты қатты сынға алуда.


АҚШ елбасы Джордж Буш Американың сыртқы әлемдегі қызығушылықтары мен беделіне нұқсан келтіруде-, дейді бұрынғы дипломаттар мен әскери басшылардың бір тобы.

Құрама Штаттарының 26 бұрынғы дипломаттары мен әскер басшылары сәрсенбі, маусымның 16-сы күні біріккен мәлімдеме таратпақшы. Ол құжатта елбасы Буштың Америка сыртқы саясатына нұқсан келтіргендігі сыналмақшы. Бұл мәлімдемені әзірлеуші бұрынғы дипломат-елшілер, кезінде қос партияның да тарапынан сайланып, билік басында болған, әр кезеңдегі АҚШ елбасылары тарапынан сол кездегі қызметтеріне тағайындалғандар екен. Бұл топтағы кей өкілдер мерзімдік басылымдарға берген сұхбатында, кезінде өздері және сол кездегі әріптестері жүзеге асыруға тырысып, жан аямай, тер төккен дипломатиялық мәселелерді Буш саясаты соңына дейін жеткізе алмады-, деді. Әсіресе, 26 адамдық бұл топ Ираққа қарсы ашылған соғысты біржақты дей келіп, сынға алуда.

Осы саясат барысында Американың ежелгі әріптес елдері-Франция және Германиямен арадағы қарым-қатынастардың қиындай түскендігін бас айтқан. Демек, Ирақ соғысы АҚШ-тың талай одақтастарымен пікір алшақтықтарына алып келіп отыр-, дейді мәлімдеме жарияламақшы топ.

Бұдан екі ай бұрын Британияның бұрынғы дипломаттары осыған ұқсас мәлімдеме жариялаған болатын. Онда олар өкімет басшысы Тони Блейрді АҚШ елбасы буштың сыртқы саясатына тым жақын боп кеткендігі үшін сынаған еді. Ал, АҚШ-та құрылып отырған бұл 26-лық топ, елбасылық сайлауларға қатысатын Демократ-үміткер Жон Керриді қолдау үшін өздерінің әрекетке көшіп отырмағандарын айтуда. Өз мақсаттарын олар: Ұзақ жылдар көшінде, талай күш жұмсала отырып қалыптасқан Американың беделіне Буш саясатының қандай нұқсандар келтіріп отырғандығын сайлаушыларға жеткізу-, деп түсіндірісуде.

Елбасы Буштың қайта сайлану науқанын ұйымдастырушылар мұндай мәлімдеме жарияланғанға дейін оған өздерінің жауап бермейтіндгін айтып отыр. Егемендіктерін ирақтықтар қолына маусымның 30-ына дейін тапсыруға байланысты АҚШ ұсынған қарар жобасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде өткен аптада бірауыздан мақұлданған болатын. Буштың Республикалық партиясы өкілі “жоғарыда айтылған мәлімдеме сайлаулар барысына әсер етуі мүмкін”,-деп дүдамал пікір білдіруде.

Виржиния университетінің саяси сарапшысы Ларри Сабато болса, 26 адамнан құрылған бұл топта қос партияның өкілдері болуы да ықтимал. Алайда, оның басым бөлігі Демократтарға бүйрегі бұруы мүмкін-, деді.

Уашингтондағы Америка университетінің профессоры Алан Лихтман болса “Буш жылдар бойғы сіңірілген еңбекті зая кетірді” деген демалыстағы дипломаттар мен әскери басшылардың пікірін қоштап отыр. “Буш Американың сыртқы саясатын түбірімен өзгертті. Буш ұсынып отырған алдын-ала доктрина деген- түбірімен жаңа әдіс. Әрине, саясат саласында мұндай түбегейлі өзгерістер орнатылған кезде оның жаңғырығы тұтас әлемге, оның ішінде Құрама Штаттарына жайылады. Себебі, жылдар бойы саясаткерлер мен басқа да қызметкерлердің жинақтаған табыстары еленбей отыр”-, деді Лихтман мырза.
XS
SM
MD
LG